09:38
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАСЫН АНЫҚТАУ

Жылқы түлігі бағым-күтіміне және өмір сүрген ортасына байланысты орташа есеппен 25-30 жылғы дейін жасайды. Бірақ дала жылқысы 17-20 жастан асқан соң кәрі деп есептеледі. Қазіргі таңда жылқы жасын анықтау қиындық тудырмайды. Өйткені жаңа туған құлындар заң жүзінде төлқұжатпен қамтамасыз етілуде.

Ал бұрынырақта қазақ жылқышылары жылқының жасын: атауларына, түр-түс пошымына және тісіне қарап анықтайтын дәстүр болған.

 

Жылқы атауларына қатысты жас анықтау

  • Құлын – биенің жаңа туған жас төлі.
  • Жабағы – туғанына алты айдан асқан құлын.
  • Тай – бір жасқа толған жылқы.
  • Құнан – екі жасар еркек жылқы.
  • Байтал – екі жасар ұрғашы жылқы.
  • Дөнен – үш жасар еркек жылқы.
  • Бесті ат – бес жасар жылқы.
  • Сақа ат (айғыр) – 7-10 жасар.
  • Кәрі ат 12 жастан жоғары.
  • Қасабалы бие – 7-8 жастағы бие.
  • Кәртамыс бие – 11-14 жастағы бие.
  • Жасаған бие – 20 жастан асқан.
  • Сәурік – 3-4 жастағы үйірге түспеген айғыр.

 

Жайылымдағы жылқының жасын түр-түсі мен бітіміне қарап анықтау:

Дала жайылымында жатқан жылқыны сырт-пошымына қарап-ақ мөлшерлеп анықтауға болады.

  • Кәрі жылқының жал-құйрығы білтеленіп, селдіреп кетеді.
  • Он-он бес жастан асқан жылқының ерін-езуі мен жақ еті шалбарланады. Осы шалбар-қыртыстарға қарап жасын анықтауға болады.
  • Жылқының жақ етін шымшып бұрағанда еті болбырамай орнына тез жиналса, бұл 6-8 жасар жылқы.
  • Жылқының жақ еті үрлеген қарындай тырсиып, сыздап тұрса, бұл 15 жасқа жетпеген жылқы.
  • Егер жылқының көзі ажарлы, отты, қарсы алдынан қарағанда көз шарасының ішіндегі адамның суреті толық көрінсе, бұл 10 жасқа жетпеген жылқы.
  • Он жастан асқан жылқының жанары өшкін, көз шарасындағы адамның бейнесі бұлыңғырланып, жарты денесі әрең көрінеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 81 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: