21:32
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ ЖАЙЫЛЫМЫ

Жылқы отары

Жылқы суару. Жылқының дене құрылысының 63 пайызын сұйық зат иеленеді. Организмдегі зат алмасу процесінің әрекеті су арқылы іске асады. Күнделікті тұтынған суының 5-7 пайызын сыртқа шығарып отырады. Егер жылқы судан тарыққан жағдайда салмағының 10 пайызын жедел жоғалтады.

Жылқы судан тарыққан жағдайдай:

  • Жайылымда күнделікті қоректенетін шөп қорының 10-15 пайызын кем жейді.
  • Ас қорыту ағзаларының қызметі нашарлайды.
  • Жайылым кезіндегі қозғалысы мен қуаты 20 пайызға құлдырайды.
  • Ауруға ұшырау ықтималдығы 15-25 пайызға артады.
  • Суыққа төтеп беру мүмкіндігі төмендейді.
  • Майынан тез арылады.
  • Биелердің іш тастауы 25-30 пайыздық үлеске ие болады.

Күнделікті суарылып отырған жағдайда:

  • Күнделікті керектенетін шөп қоры 30 пайызға дейін артады.
  • Ас қорыту ағзаларының қызметі қалыпты болады.
  • Жас жылқылардың өсу процесі 5 пайызға жеделдейді.
  • Суыққа төзімді болады.
  • Семіру процесі тәулігіне 178-430 грамм қосылады.
  • Бие іш тастамайды.
  • Артық шығын (өлім-жітім) болмайды.

Жылқыны таза ағынды өзен-бұлақ суымен суарған абзал. Лай судың зияны көп. Сол сияқты тым ащылы сумен суаруға болмайды. Егер судың құрамында кобальт, фтор секілді химиялық элементтер көп болса, жылқының жетілуіне кедергі келтіреді және тісі кетеді.

Жылқы тәулігіне 25-30 литр су керектенеді. Жаздың жаңбырлы күндері 15-20 литр су ішеді. Тай-құлындар сақа жылқыға қарағанда суды 50 пайыз аз тұтынады. Тәжірибелі жылқышылар ыстық күндері желіде байланған жас құлынның арқасына күніне 2 дүркін су себеді. Бұл құлынды күннің өткір сәулесіне ұрынудан сақтайды.

Қысты күндері даланың табиғи сулары мұзға айналатындықтан жылқыны көп жағдайда құдық суымен суарады. Сондай-ақ жылқыны қарлатып суару деген бар. Яғни жылқы қар жеп шөлін басады. Бірақ бұл әрекет жылқының шөлін толық қандырмайды. Сондықтан қарлаған жылқыны күн аралатып суарға жөн.

Жылқы жаздың ыстық күндері 6-8 минутта, салқын күндері 3-4 минутта, жауынды күндері 2-3 минутта, қыста 2-3 минутта суға қанып үлгереді. Жылқы түлігі басқа малдар сияқты суды бөліп-бөліп ішпейді, бір дүркін бас алмай сіміреді.

Жылқы су ішіп жатқанда ебедейсіз қылық көрсетіп үркітуге, оқыс дауыс көтеріп айғайлауға болмайды. Тек жайлап жеңіл ысқырып тұрған жөн.

Жылдың төрт мезгілінде жылқының күнделікті ішетін су мөлшері (литр)

 

Жылқылар

Жаз

Күз

Қыс

Көктем

1

Айғыр

30

30

20-22

24

2

Бие

35

28

20

22,5

3

Мініс аты

28-32

25-27

18-20

23

4

Құлын

6,5

5,1

3,5

3,5

5

Тай

18

15,4

10,3

10,3

6

Құнан

18

15

17

17,2

7

Дөнен

25

18

18-20

18,2

8

Бесті ат

28

22-24

20-22

20,5

 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 77 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: