20:35
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ ТҮСІ және ЕН-ТАҢБА

Қазақ жылқыны үйірімен немесе жекелей түстейді. Үйірлі жылқыны түстеу дегеніміз – оның күй-қоңын аңғарып, сол арқылы жылқы жатқан жайылымның шүйгіндісін байқайды. Ал жылқылардың түсі мен таңбасына қарап қай рудың малы, кімнің жылқысы екенін таниды.

Жылқыны жекеелй түстегенде: әуелі өң-түріне, бөгенай-бітіміне, ат иесі мен жылқының мекеніне, табиғи бейімділігіне, басқа жануарға немесе өсімдікке байланыстырып, мінез-құлқына және ен-таңбасына қатысты түстейді.

 

Өн-түріне байланысты түстеу

Бір түсті жылқы. Қандай бір көлденең түс қосылмаған тек біртекті түсті жылқыларды айтады. Мысалы, қара, қоңыр, жирен, құла, көк, торы, шабдар, сары, ақ..., т.б.

Аралас түсті жылқы. Екі немесе одан да көп түсті жылқыларды айтады. Мысалы, алаяқ, шұбар, бурыл, бөрте, қылаң, көкщағыр, қара торы, қоңыр ала, теңбіл көк, қылаңбоз..., т.б.

Бөгенай-біміне байланысты: торы төбел, ай қасқа, ақбақай, ақтабан, қаба жал, сары бауыр, соқыр құла, майда жал, ақжон жирен, ақсауыр, торы шұнақ, көк шолақ, қызай көк, көкжал, керкекіл, ақтанау, шұбалаң, шалқұйрық, көкмойын, меңді қара, қубас, шегір, боз өкпе, қыли сары, мақпал қара, ақсақ жирен, саржақ, кесік құлақ..., т.б.

Жылқының иесі мен мекеніне байланысты: Жәнібектің көкдөнені, Байсалдың құласы, Ақанның құлагері, Керекудің көкаласы, Тобықтының дөңасары, Қарауылдың көкбикеші, Әбіл сары, Көкше торы, Бақанас жирен, Қобданың қоңыры, Ойылдың кері аты, Жрақтың торқасқасы, Керейдің ақмоншағы, Қамбардың қарақасқасы, Кенжебайдың шаңтимесі..., т.б.

Табиғи ерекшелігіне: көк дауыл, құйын қара, қой торы, бәйге көк, желді қоңыр, қамыс құла, обалы қызыл, шаңтимес, қақпанбел, желтимес..., т.б.

Жануар немесе өсімдікке қатысты: тобылғы торы, бұлан қара, аю құла, сұр көжек, сүлік қара, жылан қара, құлан торы, түлкі қызыл, тоғыс жирен, қоян көк, қазмойын, көккептер..., т.б.

Мінез-құлқына қатысты: асау күрең, айналма шабдар, тістеуік құла, тебеген сары, үркек ала, жалтақай кері, қылжық қара, жуас торы, жынды шабдар..., т.б.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 80 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: