12:31
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫ

Айыл-тұрман

Айыл-тұрман деп – аттың үстіндегі ерді орнықты, тұрақты һәм қозғалыссыз ұстап тұру үшін қажет жабдықтарды айтады. Құрамына: айыл, жырым, таралғы немесе үхеңгі бау, алақан, тіл, айылбас, алақан, доға, шеттік..., т.б. кіреді.

Айыл. Түп басы ердің оң жақ қапталына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, ердің сол жақ қапталындағы жырымға бекітілетін жабдық. Айыл жасауға кез келген малдың терісі жарай бермейді. Айыл өте сапалы иленген қалың теріден жасалады. Көп жағдайда айл екеу болады. Оны төс және шап айыл деп бөледі. Әдетте төс айылды қатты тартып, шап айылды аттың қарнын қиып кетпеу үшін босаң тартады. Халық аузындағы «Төс айылдың батқанын иесі білмес ат білер, ағайынның қадірін жақыны білмес жат білер» тіркестің болмысы сөзімізді толықтырып тұрғандай.

Төс айыл. Аттың төсін орап тартылатын айылды айтады.

Шап айыл. Аттың шабын орай тартылады. Кейде бұны артқы айыл, кер айыл, тартпа айыл деп те атай береді.

Атқа үш айыл тартатын жайлар да кездеседі. Яғни, асау жылқыны алғаш үйреткенде үстіндегі ер-тұрман берік болуы үшін үшінші айыл тартылады. Сондай-ақ жаугершілік заманында жекпе-жек сайысқа шығатын батырлар сайыста ер-тұрман нық болуы үшін қосымша айыл тартатын болған.

Жырымсыз айыл. Қосымша үшінші айылды айтады. Себебі бұл айылда арнайы артық жырым (жырым саны екеу болады) болмағандықтан айылды өте ұзын жасап, екінші басына айылбас бекітіледі де, аттың бауырын толықтай орап тартады.

Айыл жасау әдісіне қарай: былғары, өрмелі, түймелі, ызбалы болып бөлінеді.

Былғары айыл. Былғары мен қайысты қабаттап, қайып тігіп жасайды. Бұны сәндік үшін тағады.

Өрмелі айыл. Өрмелі айыл жасауға кез келген қайыс жарай бермейді. Өрімшілер алдымен жақсы иленген әрі ұзынша жалпақ тілінген қайысты таңдап алып, оны таспалап (3-12 таспаға дейін) тіледі де, асықпай өріп шығады. Осы өрілген айылды «өрмелі айыл» дейді.

Түймелі айыл. Жұмсақ қайыстан түйіп жасалады. Түюдің түрі көп. Әуелі қайысты өзіне өзін байлап түюге болады, одан кейін қайысты өткермелеп түйеді, үшінші әдіс – көмекші таспа пайдаланып шалып жасайды. Қайысты түйіп өткермелегенде шашақ салып, салпыншақ жасап сәндеуге болады. Түймелі айыл шаруашылық атына қолайлы, мықты болады.

Ызбалы айыл. Бұндай айылды қайыс болмаған жағдайда берік қылдан ызып жасайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 106 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: