21:07
Атбегілік арналары

ЖЫЛҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫ

Жылқы жабдықтарын пайдалануды қажеттілігі мен тұрмыстық үйлесімділігі тұрғысынан бес бөлікке бөліп қарайды.

  1. Ер-тұрман.
  2. Ер-тоқым.
  3. Айыл-тұрман.
  4. Ат-әбзелдері.
  5. Қосымша құрал-жабдықтар.

Қазақ халқы жылқы жабдықтарын тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай әртүрлі пайдаланған. Тұрмыстық мақсатқа: күнделікті шаруаға қажет жабдықтар жатады. Оны сәндемейді және қарапайым заттан жасайды.

Сәндік мақсат үшін жасалған жабдықтар қатарына ұзатылатын қыздың ат жабдығы немесе ас-тойға, салтанатты жиынға баратын елағасы, ауыл ақсақалының ат-тұрман әбзелдері және отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан дүниелер жатады.

Жауынгерлік ат-тұрман жабдықтарының ерекшелігі – өте берік әрі сапалы атан өгіздің терісінен жасалады.оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ер-тұрмандарына ритуалдық таңбаларын шаптайтын дәстүр болған.

 

Ер-тұрман

Ер-тұрман деп – ер және оның құрамын айтады. Ердің түрлері көп. Атап айтқанда:

Әшекейлік тұрғыдан: алтын ер, күміс ер, оюлы ойма ер, шаппа ер, құранды ер, т.б.

Әлеуметтік тұрғыдан: жігіттің ері, баланың ері, әйелдің ері, ашамай, ұзатылатын қыздың ері, батырдың ері, ақсақалдың ері, т.б.

Ру-тайпалық тұрғыдан: қазақ ер, қалмақ ер, қырғыз ер, орыс ер, қоқан ер, кеерй ер, найман ер, адай ер, т.б.

Жасалған материалына байланысты: қайың ер, қарағай ер, құрама ер, темір ер, т.б.

Пошымына байланысты: қапталды ер, жайпақ ер, биік ер, сауырлы ер, шошақ бас ер, үйрек бас ер, т.б.

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 100 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: