20:31
Атбегілік арналары

КӨКПАР АТЫНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

Көкпар – көшпеліліердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеушілер, «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезінде «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақталған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.

Расында, көшпеліліердің өмір сүру салтында, жауынгерлік өнердің маңызы зор. Ат үсті сайыста дайындықсыз сарбаз ажал құшуы мүмкін. Сол себепті көкпар сияқты ұлттық ойын түрлерін жетілдіру арқылы әскери-жауынгерлік дайындыққа мән берген. Айталық, ертеде қырғын шайқас үстінде жараланған жолдасын жау қолына тастап кетпес үшін, оның денесін іліп алып, майдан ортасынан алып шығу керек. Немесе жаудың тақымға басқан жау-жарағын тартып алып, оны қарусыздандыру қажет. Бұндай іс көкпар тартып әбден машықтанған сарбаз үшін қиынға соқпайды. Демек, көкпар дегеніміз – жауынгерлік өнер.

 

Көкпардың түрлері. Бізге белгілі көкпардың көптеген түрі бар. Атап айтқанда: жаппай тарту, ұтысып тарту, дода көкпар, айналма көкпар, мәре көкпар, өлмес көкпар, тақым тартыс, т.б. Сондай-ақ көкпардың аталған түрлеріне қатысты жеке-жеке ережелері болған немесе көкпаршылар ойын үстінде жағдайға қарай келісіп алатын да үрдіс бар. Бірақ бұл біртекті емес үрдіс, әр өлкеде әрқилы түрлері кездесе береді.

Мысалы, жаппай тартуды алатын болсақ. Бұл ойын түрінде кәрі-жас, үлкен-кіші дейтін шектеу жоқ. Барлық адам қатысатын болғандықтан осындай атауға ие. Көкпаршылардың тақым күшін, ептілігін, қол қайратын талап ететін бұл көкпардың ерекшелігі барлық өңірге тән екендігінде.

Ұтысып тарту. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Екі жақтан бір-бір адам шығып көкпарды тартады. Көкпардан айырылғаны немесе ұтылған адам ойыннан шығады. Кей жағдайда өзіне сенген көкпаршы қарсыластарын жеке-жеке сайысқа шақырып, бір өзі бәрін жеңіп ойыннан шығарып тастайтын кездері болған. Нәтижесінде, қарымы мықты, күшіне аты сай жігіт іріктеліп жеңіске жетеді.

Айналма көкпар. Бұны кей өңірлерде шауып тарту деп те атайды. Ойыншылар көкпарды нақты межеленген жерге (ауылға, жеке үйге, нысаналы орынға, т.б.) жеткізіп тастауы керек. Екінші жақ оларды жібермей қарсылық көрсетеді. Қарсыластарынан айласын асырып, нысанаға көкпарды апарып тастаған адам сыйлыққа ие болады.

Мәре көкпар. Ойынға қатысушылар екі шеттен нысана немесе қазандық белгілеп, қай жеңгені көкпарды со қазандыққа салып ұпай жинайды. Осылай межеленген уақытта қай топ көп ұпай  жинайды солар жеңіске жетеді. Қазіргі таңда еліміз көкпаршылары осы мәре көкпар түрінен сайысуда.

Жалпы көкпар ойыны топтасқан жігіттердің (команданың) бірлігі мен ептілігін қажет етеді. Ертеректе көкпаршылар ауыл, ата, ру болып топтасып, екінші ру, ата, ауылдың азаматтарымен сайысатын болған. Рудың азаматтары қарсыластарынан жеңіліп қалмау үшін әркез дайындықта, үнемі машық жасайтын болған. Қазақта «Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі» деп тегін айтылмаған.

Дода көкпар. Жүйелі және тұрақты тәртіп сақталмайды. Үлкен жікке бөлінген топтар тұтас сайысады. Бұрын мұндай тартуға көбіне аталы ауылдар, руларымен түскен. Осындай жағдайда көкпар кімнің қолына түссе, сонда қалады. Кейде бұл түрді «марта тарту» деп те атайды. Көкпар тартысу үшін әуелі мықты ат керек.   

 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 138 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: