11:42
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК БАПТАУДЫҢ МАУСЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қыста ат баптау ерекшеліктері

  • Тәжірибелі атбегілер бәйге аттың етін аудармай күзде қыстау сонысына жіберіп, қыста қолдағы шөпке байлап бағады.
  • Қыста аты бәйгеге қосу үшін емес, келесі жазда болатын аламан жарысқа дайындау үшін баптайды.
  • Аязды суық күндері байлап қоймай мініп жүріп етін қатырады.
  • Атты әртүрлі ақаудан (суық тию, тер қату, асқазанға қу шөп байлану) арылтып 10-14 тәулікте тер майын шығарып, қырып тастап отырады.
  • Қыстың қаңтар-наурыз айларында жас жүйріктерді (құнан-дөнен) ұстап мініп, бірнеше дүркін жеңіл тер алған дұрыс.
  • Жылқы малының қан айналымы жаз айларында жоғары болады да, қыста төмендейді. Осы кезде жүйрікті мініске салып, қырау құрсандырады.
  • Алғашқы түскен қар суымен жүйрікті суарып, жем-шөбін ауыстырған пайдалы. Бұлай істегенде жылқы іші-бауырына түскен ақау-нұқсаннан арылады.
  • Қыстың сары аязында қонын төмендетіп, денесін үсікке шалдырмау керек. Ол үшін қаңтардан бастап қолға алып, жылы қораларда ұстап, нәрлі шөппен азықтандырады.
  • Жүйріктің жем-шөбін күн ілгері әзірлейді. Онда таудың тарлауы, көннің қияғы, қырдың жоңышқасы, жасаңның қазотын жасыл күйінде шауып алып, нілін бойына сіңіріп, кептіріп, көлеңке жерге сақтаған дұрыс.
  • Қатты аязда жылы қорада, жазда шілдеде салқын көлеңкеде ұстау керек. Саз бен балшықты жерде тұрса, тымырына суық өтіп, аяғы ақсауы мүмкін.
  • Қыста қолда тұрған жүйріктің арқасына тимейтін жеңіл ер-тоқым салып, аптасына екі рет 15-20 шақырым қашықтыққа бүлкіл-аяңмен жүргізіп, қол-аяғын жаздырады.
  • Қыс бойы жүйрікті жай бусандырып, терісін кеңітіп, әр кезде 5-6 сағат суытып отырса, жазда болатын бәйге кезінде бабына оңай түседі.
  • Көп жыл бапталған жүйрікті қар түскенде тебінге қоя беріп, қар тепкізіп, аяқ-қолындағы зорықты қарға сорғызған дұрыс. Бұл жүйріктің аяғына қан түспеу үшін пайдалы.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 152 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: