20:04
Атбегілік арналары

БӘЙГЕДЕН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ

Бейгеден келіп, тоқтаған жүйрікті бақылау барысында есте болатын жайттар:

  • Демігіп шауып келген жүйріктің тыныстау жиілігі табиғи қалпына қаншалықты тез келуде, осыны білген жөн.
  • Жүйріктің демігіп тыныстауы басылғаннан кейін қысқа қабырғасынан кейінгі шап орайының маңында болымсыз діріл бар ма, жоқ па, осыны аңғару қажет. Діріл болған жағдайда жылқының қартасына тезек байланды деп есептеледі де, оны кетірудің жолын қарастыру керек.
  • Жүйріктің тыныс алуы табиғи қалпына келегінмен жүрек соғысының жиілігі қалпына келмей кешігетін жайттар болады. Оны аңдау үшін жылқының сол жақ қапталына шығып оң қолды шоқтығына қойып, сол қолдың алақанын қолтығына жүгіртіп жүрек соғысын тыңдайсыз. Егер де жүрек соғысы жиі болса тиісті шара қолданған дұрыс.
  • Бәйгеден келген жүйрікті дем алдыру және бұлшық еттерін тыңайту үшін көп жағдайда таң асырады. Ертеңінде бой жаздырып, қинамай тер алады. Бұны «у терін алу» дейді.
  • Егер де жүйріктің иесі келесі тағы бір бәйгеге қосу жоспары болмаса, босатып үйірге жібереді. Бірақ, күзге салым жылы күндердің бірінде үйірден ұстап бір дүркін қан алып жіберген дұрыс. Бұл келер жылғы баптауға дайындықтың басы.
  • Бәйгеден қатты шаршап келген жүйрікті дамылдатқаннан соң бір тегене қымызға сүр қазыны ерітіп ішкізсе жақсы.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 145 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: