17:05
Атбегілік арналары

ШАБАНДОЗДЫҢ ЕР-ТҰРМАНЫ

  1. Жеңіл, шағын әрі берік болғаны абзал.
  2. Ердің қапталы аттың арқасына дәл жабысқан, шапқанда арқасын қажамайтын ыңғайлы болуы керек.
  3. Тоқымның қалың болғаны қолайлы.
  4. Айылдың жұмсақ болғаны дұрыс. Қаттылау болған жағдайда айылдың астарын жұмсақ затпен қаптайды.
  5. Жырым аттың қолтығына жетпейтіндей қысқа, айылбас пен тілі бекем тістескені дұрыс.
  6. Үзеңгі шабандоз баланың аяғына дәл келуі керек.
  7. Ердің шабандоз баланың аяғына дәл келуі керек.
  8. Ердің көпшігі мен қысқа қалбыры баланың тақымын қажамайтындай қолайлы болғаны абзал.
  9. Арқасы зор, ершік қозғалмайтын сақа жүйріктерге жалғыз төс айыл ғана тартуға болады.
  10. Жауырын һәм арқа сүйегі әлі жетілмеген жас жылқыларға ершік салғанда және жарыс жолы еңіс болса ері мойнына кетпес үшін шап айылды қосып тартады.
  11. Жүйріктің жүгенінің шығыршық және ауыздығы күш түсірмейтіндей жұқалтым, жеңіл болғаны тиімді.
  12. Жарыс үстінде шабандоз балаға кедергі тудырмау үшін жүйрікті шылбырсыз жібереді.
  13. Қамшының өрімі жұмсақ, қысқа болғаны дұрыс. Ұзын қамшы аттың шабын осып кету қаупі бар.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 146 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: