17:19
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК БАПТАУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 Жүйрік баптау шарттары

Жүйрік баптаудың шарты – бәйге атын қоңын түсірмей, қанжілік қылмай, тебінін қайтарып сүйегін жасытпай, ақжілік қылып тәрбиелеу. Жүйрік атты баптауға, жаратуға қатысты – ақжіліктеу, құр жіберу, тіл бұру дейтін шарттары бар.

 

Ақжіліктеу. Жүйріктің ақжіліктенгенін білу үшін кәсіби атбегілер үміт еткен жүйрігіне қосып тағы бір жылқыны жібереді. Бұл қосалқы жылқыны «құрбандық» дейді. Ол жүйрікпен бірге жайылып, бірге өрістеп, бірге түнейді. Кейін жүйріктің жілік майын білу үшін семірді-ау деген кезде қасындағы «құрбан атты» сойып, жілік майын тексереді. Сол арқылы жүйріктің семірген, семірмегенін, ақжіліктенгенін білетін болған.

 

Құр жіберу. Көп жыл бәйгеге қосылған ат шаршап болдырады. Жүйріктің бұлай жүдеуін атбегілер «қара кеміктенді» дейді. Яғни, жүйріктің жілік майы қара кемікке айналды деп көріп, жаңағы жүйрікті бәйгеге қосып, баптауды уақытша тоқтатып, бір-екі жыл үйірге бос жібереді. Бұлай жіберуді «құр жіберу» дейді. Үйірде бір-екі жыл еркіндеген жүйрік жыра салып семіріп, құрланады,тойынады. Жілік майы толып ағарады.

Кейбір атбегілер жүйрік атын жылқыға құр жібермей-ақ, үйінде сұлылап, бие сүтін үнемі беріп те құрландырып алады. Құрланған жүйрік бұрынғы қалпына оралып, жаңа тебінмен шабатын болады. Бұл да жүйрік атты баптаудың бір әдісі болмақ.

 

Тіл бұрау. Үйірде жүрген жүйріктің етін бабында сақтау үшін кәнігі атбегілер «тіл бұрау» тәсілін қолданады. Ол үшін: жылқыдағы жүйрікті ұстап алып, тілін бұрап байлап, өріске қоя береді. Тілі байлаулы жылқы аз оттап,суды да қалыпты ішеді, тоқ жарайды. Бұл уақытты ұтымды пайдаланатын әдіс.

 

Жүйрік баптау кезеңдері

Жүйрікті баптау кезеңі – алғашында жеңіл іс-әрекеттерді атқарудан бастап, күн өткен сайын әдіс-тәсілдерді ауырлату арқылы жүргізіледі. Баптау мерзімі уақыттың ортасына жеткенде баптаудың да ауырлығы шырқау шегіне жетіп, қалған уақытта қайтадан жеңілдетіледі.

Теория жүзінде айтар болсақ:

ЖАЙЛАП БАСТАУ – ШЫРҚАУ ШЕГІ – ЖАЙЛАП АЯҚТАУ

Жалпы жүйрік баптауды түбірлі түрде қарастырар болсақ:

  • дайындық кезеңі;
  • баптау кезеңі;
  • бәйгеден кейінгі кезең.

Дайындық кезеңі – жүйрікті баптап-байлауға дайындау және бойын ақау-нұқсаннан арылту.

Баптау кезеңі – іс-әрекеттердің атқарылуын дұрыс үйлестіру және қырлау деп бөлінеді.

  1. Баптау кезеңінде іс-әрекеттердің дұрыс атқарылуын үйлестіру өте маңызды. Бұл жұмыстың астарында:
  • жүйріктің күй-қоңын күш түсірмей реттеу;
  • етінен арылтып, ішін тарттыру;
  • тынысын дұрыс ашу;
  • суыту;
  • жем-шөбі мен су ішуін сәйкестендіру, т.б. жұмыстар атқарылады.
  1. Жүйрік қырлау дегеніміз – бұл баптаудың ең бір өзекті тұсы. Бұл істі қазіргі кәсіби спортшылардың дайындығы әбден толысып, сақадай-сай жетілген кезеңімен салыстырып түсінуге болады.
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 205 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: