17:54
Атбегілік арналары

ЖҮЙРІК ЖЫЛҚЫНЫҢ СИПАТТАРЫ

МАРАЛ СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Бұл жүйрікте бөрі сипатына тән белгілердің барлығы бар. Оның сыртында жалпы тұлғасы төртбақ. Тұтас бітімі сымпыстау, кеңсірігі биік, жанынан қарағанда еңкіш, қарны салқы, мойны қысқа, құлағы шағын, шоқтығы тақыр, денесінде айналма орайы көп болады. Сондай-ақ, көз жанары күрең түсті, маңдайы қатты, үйірге қосылмай саяқ жайылады. Құрыққа бейім, мінезі жұмсақ.

 

ҚОЯН СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Жай тұрғанда желкесі шоқтығынан сәл төмен, ал, шоқтығы сегізкөзінен аласа көрінеді. Басы салыңқы, маңдайы сүзе тұрықты, желке жалы сұйық, алдыңғы аяғы аласа, арты ұзын, арқа-жаясы бүкір, жай тұрғанда төрт тұяғын ішіне жинап бүрістіріп тұрады. Құлағы ұзын әрі тік.

 

БАҚА СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Көзі шарасынан шығыңқы, қабағы томпақ, басы доғал, тұмсығы төртбақ, кең маңдайлы, жайын ауызды, арқасы тегіс әрі жонды, жалпы дене бітімі жайылыңқы, төрт аяғы жуан әрі қуатты, сүбе қабырғасы теліңкі (кең иінді). Балпиған бақа тәрізді, төртбақ.

 

БҰҒЫ СИПАТТЫ ЖҮЙРІК

Басын тым көтеріп ұстайды, қаз мойын, денесі төртбақ келген етжеңді, төрт сирағы ұзын, иықты, омыраулы, екі бұты алшы, аяғының аралары алшақ. Жай тұрғанда алысқа көз тастап өзін сергек ұстайды, төрт аяғын нық басады, құлақ түптері жақын орналасқан, мінезі жеңіл, үйірсек.

 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 214 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: