09:43
Ашып айтқанда

Мектептегі спорт

ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне көрші жатқан әрі аудан орталығы саналатын Аққу ауылындағы мектептің ұлдарынан жасақталған волейболдан оқушылар құрамасы бас жаттықтырушы Байжанов Ж. мұрындық болуымен ат басын тіреді. Осынау қонақтардың келуіне бесқарағайлық оқушы ұлдардың құрама командасының әрі оларды жаттықтырып жүрген дене тәрбиесі мұғалімі Түсіпов Ж.С. шақыруы себепкер болған екен. Жолдастық дегенге қарамастан, жеңіске ұмтылған талпыныс пенен жігерге толы болған кездесу барысында қос команданың ұлдары барын салып-ақ бақты. Нәтижесінде, қонақтар 3:2 есебімен жеңіске қол жеткізді. Ал бесқарағайлықтар қонақтарды өз алаңдарында ренжіткісі келмей, қонақжайлылық танытты.

Аққулық жаттықтырушының айтуынша, бұл жолдастық кездесуге негізгі құраманың тегеурінді деген екі-үш ойыншысы себептермен келе алмаған көрінеді. Соған қарамастан өз шәкірттерінің осы ойынына риза екендігін білдірді.

Ал бесқарағайлық оқушы ұлдар ішінен тәуір ойын көрсеткен Жоламанов А., Рамазанов С., Оспанов Қ. айырықша атап өтуге болады. Дегенмен де алаңдағы командалық ойын амалдарын шындай түсу қажеттілігі сұранып-ақ тұрды.

Негізінен, бұл кездесу барысында қос команда өз дайындық деңгейін сүзгіден бір өткізіп алды. Жалғасы болсын дейік те.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

shakhibbeker@gmail.com

http://shakhibbeker.ucoz,kz

Просмотров: 1062 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: