21:41
Апталық айдынында

ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ – ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ

Алтын күздің тамаша айы – қыркүйектің 22 жұлдызында елімізде аталып өтетін Қазақстан Республикасы халықтары тілдері мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар тілдердің мерейін аспандатады да асқарлатады. Құрметтің мерейі үстем болады.

Аймақтық һәм қалалық деңгейде оқу-тәрбие үрдісі жағынан баянды беделі бар Павлодар қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тілдің мерейі – елдің мерейі» деген тақырыпты арқалаған апталықтың барысында бірқыдыру шаралар жүзеге асырылды. Айталық, мәжіліс залында «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару ісінде қолданылуы» атты семинар-тренинг, 5-11 сыныптарда «Табысқа жетер жол» тақырыбымен сынып сағаттары, «Тіл тазалығы» акциясы, әр қазақ тілі сабағы басында бес минут латын әліпбиі үлгісімен диктант жазу өтті. Сонымен бірге Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологінің аудиокітабын 6 сыныптар оқушылары тыңдады, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі хақында 7 сыныптарда танымдық сабақ, 8 сыныптарда «Шәкәрім – қазақ әдебиетінің классигі» атты танымдық минуттар жүзеге асырылды. Бұдан басқа 3 сыныптар арасында «День языков» атты зияткерлік ойынын, 5 сыныптар арасында «Полиглот» лингвистикалық ойынын, 6 сыныптар арасындағы «Великий, могучий русский язык» делінген көңілділер мен тапқырлар клубының қызықты шарасын, 6-8 сыныптар аарсындағы «Who is better?» сайысын, 9 сыныптар қатысқан «День языков народов Казахстана» мәнерлеп оқитындар байқауын, 8 «А» сынып оқушылары қатықан «Knowledge is power» зияткерлік викторинасын, 7 «В» сынып оқушыларына арналған “Leader of 21century” викторинасын және 2-3 сыныптар ат салысқан «Learning English is fun» қызықты ойынын ерекше атап өткеніміз артық болмас. Осынау кең де тартымды іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге өлшеусіз үлес қосқан пән мұғалімдерінің – Абылғазинова Қ.Ғ., Бекишева К.С., Мыңғышева Ж.А., Куниязова Р.С., Кидралинова Б.К., Шаханова А.К., Алинова С.К., Мукашева Б.С., Тасымова А.Е., Мажит А.М., Баядилова М.П., Аяганова М.Ж., Макина Г.Т., Асылханова Н.Ж., Мусадилова Ж.А., Жунусова Б.Д., Нурахметова Д.Б. – абыройлы да қажырлы еңбектерін тілге тиек еткеніміз абзал.

Сайып келгенде, «Тілдің мерейі – елдің мерейі» апталығы жоғары деңгейде өткізіліп, ұзағынан айта жүретін тамаша естелік болып мектеп тарихында өз лайықты орнын алды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 412 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: