21:44
Ана тілім - ардағым

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЛАТЫН ҚАРІПІНДЕ ЖАЗЫЛУЫ

Елбасы һәм Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміздің латын графикасы негізіндегі қазақ тіліне көшу хақында егжей-тегжейлі жариялағаны белгілі. Оның үстіне өткен жылдың соңына қарай ұсынылған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Осынау әліпбиге көшу кезеңдері де айқындалды.

22 қыркүйекте аталып өтетін Қазақстан Республикасы халықтары тілдері күні мерекесі қарсаңында Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ана тілім – ардағым» атты апталық барысында «Қазақ әліпбиінің латын қаріпінде жазылуы» деген тақырыппен арнайы іс-шара өткізілді. Оған қатысқан мектеп оқушылары ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тапсырмаларды латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі үлгісімен жазып үйренгендерін ортаға салды.

Қазіргі оқытудағы жеті модульдің құрамына кіретін «Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» модулі аталмыш шарада мейілінше пайдаланылды. Интербелсенді тақта арқылы оқушылар латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне шолу жасап, жекелеген әріп-дыбыстарға тоқталды. Одан басқа бормен жасыл түсті тақтаға берілген тапсырмаларды қызығушылық таныта орындады. Сонымен бірге ақ қағаз бетіне де қатысушылар жекелеген тапсырмаларды жазды.

Бір сөзбен айтқанда, мектеп оқушыларының жаңа қазақ әліпбиіне деген қызығушылықтары осынау шара арқылы бірден көзге түсті. Ендігі мақсат – осыны одан әрі дамыту.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 407 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: