21:59
Қамқорлық қарымдары

САУАП БОЛАР ТҮБІНДЕ

Жалғанда адамның адамға жасаған жақсылығы – шапағатты игілік. Ал жетімдіктің қамытын киген я қарттық шақта жалғыздыққа байланып қалған егде жандарға жасаған жақсылығың – сауап.

Биылғы жылдың 18 наурыз бен 16 сәуір аралығында «Қамқорлық» акциясы өтуде. Аталмыш игі іс Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде жылдағы дәстүрінше жүзеге асуда. Мектеп директорының тәрбие істері бойынша орынбасары Мазанова Б.Т. жауапкершілік танытып, шараның жүзеге асуына мұрындық болып жүр. Өз жетекшілігімен Бақыт Төлегенқызы әдістемелік бірлестік жетекшілеріне мұғалімдердің басын біріктіріп, мұқтаж жандарға әлеуметтік-тұрмыстық қолғабыс көрсету ісін жүзеге асыртты. Нәтижесінде, Голикова Евгения, Омарова Күлсан,Жанакова Юлия сынды жалғыз тұратын егде қарияларға, жетім балаларға адамгершілікті көмек жасалды. «Жас ұлан» балалар ұйымына мүше оқушылар Омарова К., Голикова Е., Жанакова Ю., Қасенов Қ.Қ. аулаларын тәртіпке келтіріп, артық қоқыстан тазартып, көзге көрікті етіп кішіпейілділік көмек көрсетті.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы    

Просмотров: 3724 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: