11:40
Алдыңғы толқын

ҚАРАПАЙЫМ КӨҢІЛ ДЕ ЗОР ДЕМЕУ

Көзді ашып-жұмғанша сынаптай сырғып бара жатқан жалған дүние. Таңның атысынан күннің қимас батысына дейін бір тылсым таппас тірлік тауқыметі. Әлбетте, аспаннан ештеңе дайын күйінде салбырап түспейді. Біреуге бірдеңе дәлелдейсің, бірді бірге қосасың, салмақтайсың, ақыл һәм сана таразысына салып сараптайсың, әйтеуір, ұзақ керуендей созылған қым-қуыт қозғалыс-әрекет. Сондайма үрдіс кезінде қасындағы қымбатты адамдарына да қарапайым көңілдің өзін бөлуді біле тұра ұмыт қыламыз да. Ал ондай жандар өзіңді бағып-қағып өсірген ата-анаң болса ше, онда адамияттық тұрғыдан сау сана тұғырына сай келе ме?!

Ақиқатында, өзімізді қоршаған егде адамдар үшін бұл пәни-жалғанның әрбір жарық жұлдызы қайталанбас салтанат та, таң-тамаша той да. Балапандарының есен-амандығын жатпай-тұрмай Жаратқан иемізден тілеп, тәтті-жұмсақтың, береке-табыстың тек соларда ғана болғанын ешкімге жар салмай-ақ іштей қолдайтыны да жасырын емес. Өздері көрген тауқымет-қиындықтың ешбірі бала-шағасының алдынан кезікпегеніне де тілеуқор ғой. Сондай келеңсіздіктердің бой көтеріп, төбе көрсетуіне де қолынан келгенінше тосқауыл болуға да дайын.

Зерделесек, төрі алыстап бара жатқан қариялар – өткен-кеткен тарихи жайттардың көзі тірі бірегей шежіресі. Алды сонау жылдары халық басына қара бұлттай төнген ашаршылық һәм қуғын-қудалаудың нәубетін басынан кешірсе, кейінгілері күндей күркіреп өткен сұм соғыстың бар ауырпашылығын қан майданда да, зар тылда да сыр білдірмей тартса, соңғылары ше соғыстан кейінгі қалып келу қиыншылығын көз алдынан өткізіп қана қоймай, білек сыбана атсалысты. Өскелең ұрпақтың алаңыз өмір сүруіне жайлы жағдай жасау жолында аянып қалмады...

Бір-ақ рет берілетін ғұмыр-дәуреннің де түгесілетін шағы да менмұндалайды. Көздің нұры да көмескі тарта бастайды, жанның жайбарақаты да жараланып, сыздай бастайды, тәннің темірдей қуаты да қанша шақырсаң да, қалай тілесең де, нендей алдасаң да қайта айналып келмес жылдардың зілдей ауырпалығынан шөге бастайды. Егде жандар үшін бұндай суқаны сүймес жайт таңсық па?! Олар оған барынша дайын да. Амал нешік.

Абзалында, замандас та отандас ағайын, егде жандарға деген қарапайым көңіл бөліп жүрсек сауап болар іс қой түбінде. Сал-себептерін алдыға тартпай-ақ айқындасақ, олардың ішінде өзіміздің ата-әжелереміз, әке-шешелеріміз, елдің іргесін қаласуға ерен еңбегің еш аямай өткен еңселі зиялыларымыз, жасаураған көз-жанарына үнілсең тарихи тарамдар шежіресі деректі фильмдей кадрланып өтіп жатқан үлгі қарияларымыз, күнделік күйбең тірлікте алдымыздан шығып, өзіміз иіліп тұрып сәлем беретін тау тұлғаларымыз бар емес пе.

Егде тартқан жандар үшін сыйластықтан басқа, көңілде басқа, құрметтен басқа ештеңе де артығымен қажет емес қой. Асарын да асады, жасарын жасап отыр. Өздеріндей бәйтеректен тараған үрім-бұтағы бүршік жарып, жапырақ жайғанын ғана, жауқазындай хош аңқи, гүл-гүл жайнағанын ғана көргісі келеді. Әрине, біреуге бар, біреуді зар қылған тағдырға не дерсің! Дегенмен жалғыздық кешіп жүрген кәрі-қарияларға деген кісілігіміз де, құрметіміз де, қамқорлығымыз да шын жүректі һәм адал ниетті болсыншы тәйірі. Қас-қабағымыз да, төрге отырғызын ұсынар бас-табағымыз да әрі ілтипатты, әрі инабатты, әрі ибалы болғанына не жетсін, шіркін!

Асылында, алтын ғана да, күміске де еш бергісіз нар тұлғадай егде жандарымыздың жанарында секпіл болмасын десек, қолдан келсе де, келмей жатса да сыр білдірмей келтіруге тырысып бақсақ та шау тартып қалмайық. Дүниенің кезектігін жадымыздан бір елі де шығармайық. Асыл сүйекті үлкендірімізге деген қарапайым ғана көңілімізді жасырып қалмайықшы. Дана халқымыздың «қарапайымдылықтың өзі – байлық» дегенін бойтұмарланайық.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы

Бесқарағай ЖОББ мектебі директорының оқу істері бойынша орынбасары

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы     

Просмотров: 1091 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 10
10 axossetfutfom  
0
Никак не мог найти эти игрули и случайно увидел игру со смешным описанием. http://zvgorod.ru/content/view/1594/55/ - игры винкс бесплатно

9 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.biathlonworld.com.ua/itogi-chm-2011-po-biatlonu-sbornaya-francii/ - игры для мальчиков

8 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.bvb09fans.ru/news/mikhaehl_cork_o_mario_gjotce_i_neozhidannykh_travmakh/2012-01-26-2240 - игры для мальчиков

7 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://zooshop.by/index.php?option=com_content&task=view&id=5115&Itemid=236 - игры для мальчиков

6 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.proboxclub.com/2012/03/viva.html - игры для мальчиков

5 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://dnepr-tracers.com/news.php?readmore=219 - игры для мальчиков

4 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://lifeintula.ru/around-the-world/v-tokio-nachal-rabotu-neobychnyj-magazin/ - игры для девочек

3 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://foto-devushek.com/flesh-igry-dlya-malchikov/ - игры для мальчиков

2 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://www.psyteh.ru/kakuyu-igru-vybrat/ - игры для мальчиков

1 axossetfutfom  
0
Нашел стрелялку где кроме стельбы есть симпотичные телочки. http://informsvit.com.ua/news/nid258.html - игры для девочек

Имя *:
Email *:
Код *: