11:38
Алдыңғы толқын

АҚ НИЕТ

      Ассалаумағалейкүм, ақсақалды аталар!

Сәлеметсіздер ме, ақ жаулықты аналар!

Өмір мереке, той, қуаныш, ойхой, дала!

Құттықтайды баршаңызды жас пен бала.

 

Көздерінде тарих оты алаулаған,

Сөздерінде қисса-әңгіме жалаулаған.

Егде шақта болашақ қамын ойлаған,

Балапанын қанаттандыра той тойлаған.

 

Сұм соғыстан, жалаңаш аштықтан қалды аман,

Ұрпағының ақ ниетті ризалығы келді таман.

Көрді егделер өмірдің суық, ыстығын,

Арнады келешек үшін бал жастығын.

 

Күннен-күнге ақ басады бастарын,

Өмірдің мол сырын түйген, астарын.

Жақсылыққа шақырады ел жастарын,

Жақтырмайды, кінәлайды сұм-қастарын.

 

Уа, замандас, егде жолын кеспейік,

Сасық кеуде, тәкаппар боп кетпейік.

Өмір-дүние кезектігін есептейік,

Дана егде ақылына қанат сермейік.

 

Қозғалысы қамқорлықтың үдесін,

Уақыт берер, уа, замандас, үлесін.

Көңіл-күйі егделердің гүлдесін,

Өсиет қып тартсын өнеге-бүлдесі.

 

Биіктеңіз асқарға, ақсақалды аталар,

Шарықтаңыз заңғарға, ақ жаулықты аналар.

Ғасырдан ғасырға ақылы тозбас даналар,

Құттықтасын, құшақтасын, үміт ақтасын балалар!

 

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы

Бесқарағай ЖОББ мектебі директорының оқу істері бойынша орынбасары

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы    

Просмотров: 906 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: