18:09
Адами-азаматтық алғыс

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – ЕРЛЕГЕНІ!

Тауқыметті-таусылмас тірлік-тіршілік заңды жүрісінен еш жаңылмайды да. Таңның атысынан күннің батысына дейін, тіпті, одан кейін де шығармашылық ізденіс, мақсатты жоба, қажетті ақпарат, керекті оқылым, көрігі суымаған жазылым – бәрі-бәрі сынаптайын сырғымалы қозғалыстың нышандары.

Ақпарат және байланыс қызметкерлері, журналистика саласының қызметкерлері күнін салтанатты түрде мерекелеген Лебяжі ауданы әкімшілігі адами-азаматтық тұрғыдан ілтипат тұғырына тұрақтады. Осынау қызметтерде аянбай  һәм абыроймен еңбек етіп келе жатқан әрбір азаматтың қосып жүрген үлесі қомақты. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен грант-сертификатына, аудандық мәслихаттың, аймақтық-аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының марапаттарына ие болған әрбір тұлға марқайды бұл күні. Себебі ауданымыздың ақпараттық-коммуникациялық кеңістігін кеңейтуде болсын, бұқаралық ақпараттық құралдар саласын әуелетеуде болсын жүзеге асқан жұмыс нәтижесі менмұндалауда.

 Асылы сол, еңбектің еленгені – ерлегені! Осы үшін де мың да бір алғысым шексіз.

ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 907 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: