10:41
Абайтануға айқындама

АҒАРТУШЫЛЫҚ АРНАСЫНДА

ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ даласын жаңа көзқарас, жаңа идея елесі кезіп жүрді. Еті тірі, зиялы адамдардың ойлары қазақ та басқалар сияқты болашаққа көз тігіп, әлемдік өркениетке ден қоюы керек деген арнада тоғысты. Осылайша халқымыздың тағдырында айрықша рөл атқарған бір керемет идея өмірге әкелді. Ол – ағартушылық идеясы. Қазақ басқа халықпен тең болуы үшін, осы өмірден өз орнын алуы үшін білім керек. Білімсіз алға жылжу, басқа халықпен тең болу мүмкін емес. өсу үшін, азамат болу үшін білім керек. Сауатты болсаң, білімді болсаң ғана мақсатына жетесің. Сол замандағы зиялы адамдардың ішінде осы ағартушылық идеяны айтқан, қазаққа бәрінен де білім керек екенін жан-жақты түсіндірген Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай болды.

Абай ағартушылық қызметінен мысалдар алайық.

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңінде ақын алдына қойған ағартушылық мақсатын былайша жеткізеді:

Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көңілін қойып көзін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ. (1888 ж.)

Сөйтіп, ұстаздың ағартушылық ұстыны – талапты жастарды ғылым мен мәдениетке, бір сөзбен айтқанда, әлемдік прогресс жолына бұру болды.

Дәуір тынысы өзгерісін өзгеден бұрын көре білген ренессанстық тұлғамыз Абай қазақтың қара өлеңіне реформа – түбегейлі жаңару әкелді (бүгінгі лексикада оны модернистік ізденіс дейміз). Нәтижесінде, қазақ поэзиясының сыртқы түрі және ішкі мазмұны өзгерді.

Абай поэзиясы тілге жеңіл, мағынасы терең, өз сөзінше, «іші алтын, сырты күміс» болуымен жанды. Абайдың енді бір қырын абайтанушы Қ.Жұмалиев былай деп көрсетеді: «Абай алдындағы, не тұсындағы қазақ әдебиетінің өсе алмай келе жатқан мәселесінің бірі – ішкі сезім дүниесін суретеу болатын».

Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,

Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін, -

я болмаса:

қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Осындай Абай ішкі сезім дүниесін суреттеудің, адамға көркем мінез егудің хас шебері екенін байқататын мысалдар, тізе берсек, көп-ақ.

Ескі жүйе, қдим тәртіп бойынша әрбір руды, әрбір ауылды ақсақалдар билеген еді. Көп мәселелерді ақсақлдар шешекен. Болыстар, билер солармен ақылдасып отырған. Абай басқа жолды ұсынады: еңбек ет, білім ал, ғылымға ден қой, надандықты жой – сонда ғана халықтың көзі ашылады, бағы жанады, сана-сезімі, өмірге көзқарасы өзгереді. Абай өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ дей отырып, оған білім, еңбек, рақымды қарсы қояды. Өсудің идеясы білімде, ғылымда, надандықты жоюда екенін айтады.

Білімді болу үшін еңбек пен талап қажет. Еңбек, екінші жағынан, табыстың көзі, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».

Жаңаға жол аршу әсте оңай іс емес-ті. Абайдың дәстүрлі поэзия өкілдерін қатал сынға алуы тек жол аршу талабымен өз түсінігін табады. Шын мәнінде жыраулар поэзиясын Абай қадір тұтқан, онан көп нәрсені үйренген. Өзінің «Абайдың ақындық дәстүрі» атты монографиялық еңбегінде көрнекті әдебиет сыншысы, абайтанушы Айқын Нұрқатов Абай «қазақтың байырғы ауыз әдебиетінің көркемдік тәжірибелерін жоққа шығармаған» дегенді қадап айтады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 83 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: