22:24
Абайтануға айқындама

АҚЫНДЫҚ пен КӨСЕМДІК

Абайда ақындық пен көсемдік домбыраның қос ішегі сияқты қарат жаратылған болмыс. Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) Абай жалы белгілі мақаласында жазушы я ақынға қажетті үш түрлі қасиетке тоқтала келіп: «Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш та болған», - деп көрсетеді. Демек үлгі шашу, өнеге жаю – көсемдіктің белгісі.

Айтса айтқандай, ұлы ақын көсемдікке қилы заманның бар қитұрқысын өз басынан өткергеннен кейін келді. Ақыл айтпас бұрын туған халқына төнген барлық кесел-кесапат, сор-сұмдықты көріп-білді. Содан соң ғана пайғамбар тектес тұлғамыз «солардан арыл, тазар, сонда ғана өрге шығасың» деп өнеге жайды. Бұл «қазаққа өлең деген бір қадірсіз» заман еді. Жұртқа сөз қадірін жеткізу, сөзді түзеу – Абайдың еншісі болды.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Абайдың «ер данасы» дегенін «тәрбиеші көсем» деп ұқсақ та болады. Себебі «қиыннан қиыстыру» ойшылдың, ой баққан ақының сыбағасы.

Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,

Өткіздік бір нәрсеге болмай жерік.

Ойшылдың мен де санды бірімін деп,

Талап, ойсыз мақтанды қалдым күтіп. (1886 ж.)

Бұл жерде ақын өзі жайлы «ойшылдың бірімін» деп еш бүкпесіз, турасын айтқан. Поэзиясының құдіреттілігі – мейірім, әділетті ту етіп, адамгершілік мұраттарды уағыздаудан еш айнымай, осы желіні бекем ұстады.

Бұл, әрине, ойшылдықтың нышаны. Алғашқы абайтанушы ғалымның бірі Әбдірахман Сағди: «Абай қазақтың жалғыз ақыны ғана емес, ақындықтың үстіне Абай – қазақтың ояну дәуірін бастаушы ойшылдарының ең біріншісі», - деп мәлімдеген болатын.

 1888 жылдың мамыр айында Ақшатау деген жерде, Семей облысы мен Жеьісу облысының шербешнай съезі өтеді. Оған Абай да қатысып, жиыннан алған әсерін «Болыс болдым, мінеки» деген ұзақ өлеңіне арқау етеді. Бұл өлең пысық атқамінерлердің бірі болған, құрдасы Күлембай Бозамбайұылан арналған делінсе де, шындығында Абай бір Күлембай емес, сол кездегі болыс атаулының бәрінің табаны тайғақ, ел алдында беделі төмен екенін, өйткені олардың ойлайтыны жұрты емес, қара басының қамы екенін әшкерелйді. Олардың осыла болмасқа амалы жоқтығын көрсету арқылы тұтас ел билеу жүйесін сынға алады:

Өз қағазы өз көзін,

Жоғалтуға жарайды.

Тауып алып жалғанын,

Қылмысыңды санайды, -

дей келіп, өлеңді пара алғыш ұлықты сынаумен түйіндейді:

Өзі залым закүншік,

Танып алды талайды.

Көрмей тұрып құсамын,

Темір көзді сарайды.

Бұл, бүгінгі тілмен айтқанда, нағыз оппозициялық көзқарас.

Адам «залым» деп Құрана да айтылған. Бірақ адам баласы туа емес, жүре келе залым, зұлым болады. Сол себепті ақын өлең сөзін көбіне өндірдей жастарға бағыттап отырған. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Білімдіден шыққан сөз» сияқты жырлар циклі сөзіміздің айғағы. Сол сияқты Әсет, Көкбай, Әріп, Шәкәрім сынды талаптыларды әрі сынайды, әрі тура жолға сілтейді.

Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау Абайда жоқ. Інісі Шәкәрімге бағытталған әлденеше өлеңдері соған айғақ. Біздің ағалы-інілі Абай, Шәкәрімнің шығармашылық қарым-қатынасы жайлы айтарымыз бар. «Ержеткен соң сол кісіден тәлім алып, әрүтрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім, - деп жазады шәкәрім өзінің қазақ тарихына арналған еңбегінде. – Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ ішінде болғандықтан қадірі азырақ білінді. Ола болмағанда данышпан, хакім, философ кісі еді». Шәкәрімнің «қадірі азырақ білінді» деуі жайдан-жай емес, өзі де Абайды мойындамаған, өсиеттеріне құлақ аспаған асау жастардың жуан ортасында жүрді.

Сөз соңында билер қызметіне оралайық. Хандық дәуірде билер тағайындалмаған еді, сайланбаған еді. Олардың беделі әділ шешім шығаруы бойынша қалыптасты. Бедел иесі болу, халық арасында танымал болу шарты патша заманында да сақталып қалды. «Орыстың қырық жылдық ықпалына қарамастан жүз жылғы, бәлкім, бізге дейінгі мың жыл бұрынғы қалпын сақтап қалды, - деп жазды Шоқан Уәлиханов. – Халықтың ішкі даму күші де, орыс мекемелері мен заңдары да оның ежелгі, қарапайым үлгісін өзгерте алмады».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 92 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: