20:33
"Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы

ІІІ КІТАП / ҚОРШАУДА

1

Абай қасына Ербол, Көкбай, Баймағамбет, Бәйкөкше, Мағаш және Дәрмендерді ертіп, Қарамолаға жүріп кетісті. Әбіш пен Кәкітай да барғысы келген болса да, Абай оларды қалдырған. Әбіш оқуынан босап, демалысқа шыққанда, ауылда болуын ұйғарған еді. Ал Кәкітай болса Еркежанның баласы болды. Себебі Еркежанның қолындағы Абайдың екі немересі өсіп, үлкен болса, сол дәу қыстау мен мол дүние Абайға тиіп қалатынынан шошып, Ысқақ әдейі өз баласы Кәкітайды Еркежанға берген болатын. Әбіш Қарамолаға бара алмаса да, ауыл ішінен Абайды ақтайтын арыздар мен приговорларды көп жинап, көп кедейге қол қойдыртып, Бәйкөкшеден беріп жібереді. Абайлар екі күн дегенде Қарамолаға жетіп, Атқазы тіктірген қонақ үйге түседі.

 

2

Оразбай Абайдың Қарамолаға кеткенін есіткен сәтте ол да жолға шыққан. Жолда көп үзілмей Абайдан бір күн ерте жетеді. Ол сан үйірлі жылқыларын айдап, оны ақшалап, талай ұлықтар мен тілмәштарды паралап үлгерген еді. Одан басқа көп мал сойғызып, шет-шеттен келген болыстарды қонақ етіп, оларды да Абайға қарсы үгіттей бастаған болатын. «Өз әкесі Құнанбайдың асын бермеді. Одан бөлек, қайтыс болған інісінің малын туған бауырларынан қызғанып, еншіленіп алды. Өте сараңдық көрсетті», - деп, Оразбай жиналған қауымды әшкереледі.

 

3

Бүгін үлкен сияз болмақ. Бір жандарал мен үш оязды күтіп, болыстар азаннан бері үлкен ақ үйдің алдында тұр. Жандарал (қазіргі облыс әкімімен бірдей шен) өзі қатал кісі деген сөз тараған еді. Ол келген кезде болыстар орнынан тұрып амандасты. Орысша білмегендіктен барлығы:   «Здрәсти,   тақсыр!»   деп   жатты.   Бір   Абайға   келгенде:

«Здравствуйте, его превосходительство! Я Ибрагим Кунанбаев», - деп, өзін таныстырады. Жандарал оқыстан бұрылып қарап: «Ел бүлікшісі сен бе? Менімен жүріңіз», - деп ертіп кетеді. Екеуі ғана оңаша үйде әңгімелеседі. Жандарал өзі сайлатқан болыстардың барлығы Абайдың үстінен арыз жазғанын және анық себебін тез айтуды қалың ызамен қатты зекіп қайырады. Абай сасқан жоқ. Ол нақты дәлелдерін айтып, өңшең бай мен арамдар кедейлерді қорлап жатқанын түсіндіреді. «Мен тіпті өлсем де соларға болысамын», - деп, өз сөзін аяқтайды. Осы кезде жандарал біршама уақыт үндемей қалады. Ол қазақ даласында осындай сезімі ояу, ақылы кең адам барын тіпті ойламаған еді. Сол сәтте есікті қағып, Базаралы мен Савельев деген тілмәш кіріп амандасады. Базаралы: «Қазақ даласының көзі мен құлағы осы біздің Абай. Оны айдамаңыз. Қазақ даласын қараңғылықта қалдырмаңыз», - деп орысша сөйлейді. Жандарал жымиып, шыға берулерін айтады. Енді ол Абайды айдату былай   тұрсын,   бүгінгі   болатын   сиязда   төбе   би   ретінде   қатысуын бұйырып, өзі жүріп кетеді. Абайды алып кетуі мүмкіндігінен қорқып, қалың ел тыста жиналып тұр екен. Бар жаңалықты естіп, Абайды бәрі мақтай кетеді. Тіпті кеше ғана Абайды жамандап жүрген болыстар да бүгін Абайды құттықтаумен әлек еді.

4

Желтоқсан келсе де қыстың қатты суығы әлі түскен жоқ. Абай Қарамоладан қайтқалы Ақшоқыда мал сойыс, мәз-мереке таусылмады. Бүгін де әр жерден ақындар көптеп жиналып отыр. Шай ішіліп болып, Көкбай домбыраны алды да Абылай ханды мадақтай кетті. Сонда Базаралы Көкбайды бір қағып, тоқтатты да: "Әр түрлі мақтауды айта бермей, ел азабын немесе каһарын жырлауға болмайды ма?" - деп, жекіп жіберді. Абай да мейлінше өзгеріп, Базаралыны қостады. Сол кезде Көкбай ренжігендей кейіп танытып, ортадан шығып кетеді. Содан кейін үй іші біршама уақытқа жым-жырт болып, ақындар қауымы үнсіз отырып қалысты. Соңыра Дәрмен домбыраны қолына алып, бір жырды сырылта төге кетті. Онысы ер қайратты Иса жайлы болатын. Әзімбайдың қолынан қорлық көріп, өліп кеткені мен артында қалған Иіс кемпір, дертке шалынған жары және жетімек Асан мен Үсендердің қайғысын жырлап өтті. Абай, Әйгерім, тіпті Дәрменнің өзі де көздеріне жасын райсыз алды. Жаңа туған, әлі тың болған жырды үй іші алғаш рет естіп тұрған болатын. Барлығы қалың ойға батып, түңіліп отырып қалады. Біраздан кейін үй іші қайта жандана, Дәрменге алғыстарын айта кетті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 157 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: