13:47
"Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы

ІІІ КІТАП / ӨКІНІШТЕ

1

Қазір Абай ауылы Қызылқайнар деген жерде қоныстап отыр. Қарабатыр, Әнет, Торғай мен Топайдан талай ауыл көршілес қонған. Үй ішінде Абай мен Әбіш оңаша сөйлесіп отыр. Әңгіме адамгершілік, ар-намыс, бай мен кедей арасындағы әділетсіздік жайлы болып отыр. Кейіннен ел ұрылары жайлы сөз қозғалды. «Байдың иті боп күн көргенше, намыскер ұры болған дұрыс» дегендер де бар екенін айтып, Әбіш те кейігендей болды. Сағат, күн, тәулік деген зымырап бара жатқанын Абай ескеріп, қарттықтың есік алды келіп қалғанын айтады.

Бір күні жастар Қоңырәулие деген тауға баратын болды. Әбіш, Мағаш, Көкбай, Кәкітай мен Әлмағанбет секілді жас қауым сол мекенге жол алысты. Олар жол-жөнекей Ноғай Махмұт ауылына ат басын бұрды. Себебі бұл ауылда Әбішке көрсетпек болған Махмұт қызы Мағрипа болатын. Бұл кездері Махмұттың өзі қайтыс болған еді. Қонақтарды Мағрипаның үш ағасы Жақып, Мұса және Мұсабайлар қуана күтіп алып, оларды жолдан бір күн ұстап қалды. Сол күнгі кеш өте қызық өтті. Әбіш әдеттегідей өзінің скрипкасында түрлі әуендерді салды. Кеш тарап кеткен соң, Әбіш жалғыз өзі өзеннің бойында қатты түңіліп, біраз отырып қалды. Оған шешесі Ділдә осы қызды айттырамын деген болатын. Әрине, Мағрипа - өте сұлу, көрікті қыз. Бірақ Әбішке Петербордағы доктор қазіргі кезде үйленбеуін маслихат еткен болатын. Себебі Әбіште жаңа аурудың түрі, құрт ауруы, пайда болған екен. Егер ол үйленетін болса, дерт Мағрипаға да өтіп кетуі мүмкін еді. Бірақ Әбіш үй ішіне: «Әуелі оқуым бітсін, сосын айттырасыздар», - депті. Қонақтар ертесіне қайта жолға шықты. Кеш түсе Әбіштер Қоңырәулие тауының етегіндегі бір   ауылға түсті. Бұл ауыл Оспанның әйелі Еркежанның төркіні болған Байтас ауылы екен. Қоңырәулиеге ертесіне шығып, аралап қайтысты. Жастар таудың баурайында серуендеп жүріп, бір үңгірге тап болады. Жастар қолына бір-бір шамнан алып, ішке кіре бастады. Талай ішкерілей түскенде алдарынан тұнық көл шығады. Сосын көлді жағалай жүріп, тасқа қашалып салынған кісі бейнесін көреді. Содан кейін жастар қайта тысқа шықты. Үңгірден шыққан бойда Көкбай Абылай жорықтары жайлы баяндап кетті. Жоңғарларды Абылай ханның әскерлері құғанда, жоңғарлар осы үңгірге бекініп, білдірмей келіп, талай қазақты қырыпты. Сонда Абылай өз батырларына: «Кімде-кім амалын тауып осы жоңғарларды жоятын болса, сол менің ең бірінші қолбасшым болсын», - деген екен. Сонда Қаракерей Қабанбай амалын тауып, топтасқан жоңғарлардың көзін құртыпты. Осы амалды қақтығыстардан кейін, Абылай оған «Дарабоз» деген ат беріпті.

Жастар Қоңырәулиеде жүрген кезінде Абай мен Ербол Базаралының науқастығын естіп, соның жағдайын білуге барыпты. Ескі достар әз әңгіме құрып, біраз уақытқа дейін отырысты. Базаралының өңі ағарып кеткен. Достарын көріп бетіне қан жүгіргендей болды.

 

2

Қоңырәулиеден қайтқан жастар ел ішінде үлкен әлек тұрғанын Абайдан есітеді. Ол әлек Оспан мен Оразбай арасындағы дау екен. Оразбай қасындағы Керей, Уақ, Қаракесек ауылдарынан талай мал ұрлатып, өзі байып алған. Оспан болыс болғандықтан, билерді жинап, дәл Оразбай ауылына барған болатын. Оспан ол жерде үлкен сияз өткізбекші болған. Оразбай мұны алдын ала біліп, қалаға арыз тастауға кетіп қалыпты. Оспан түнімен демалмай артынан қуып барып, Оразбайдың ояз кеңсесіне енді кірейін дегенде Оспан оны ұстап алып, ауылға алып қайтады. Оразбайдың қолын арбаға байлап алып, екі күн және екі түн бойы Семейден қайтар жолда жаяу жүргізіпті. Оразбай Оспан ауылында тұтқын болып жатқанда Тәкежан келіп, оны босатып алады. Себебі, осы жағдайдан бұрын, Оразбай Тәкежанға құда болуды ұсынған болатын. Әзімбайдың бесіктегі қызын Оразбайдың Демеу деген ұлының үш жасар баласына айттырып, жүз жылқы беруге серттескен екен. Енді Оразбай қайта Семейге барып, Оспан мен Абайдың көзін біржола жою үшін арыз қалдырыпты. Ояз арызды алып көргеннен кейін, Абайды қалаға шақыртады. Әбіштің де демалысы аяқталып қалған болатын. Ол да әкесімен бірге қалаға жөнеле кетті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 167 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: