18:50
"Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы

ІІІ КІТАП / ҚАРАШЫҒЫН

1

Шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бүгін бұл ауылда бір үлкен әбігер бар. Жаңа үйлер көптеп тігілген. Жан-жақта қыз-келіншектер ас-мәзір дайындауда. Бүгін Әбіш (Әбдірахман, Абайдың Ақылбай және Күлбаданнан кейінгі үшінші перзенті) келетін күн. Ол осыдан екі жыл бұрын Петербордағы Михайлов атындағы артиллерия училищесіне оқуға кеткен болатын. Көп ұзамай ол да келді. Бүкіл ауыл оны құшақ жая қарсы алды. Өзі орыс жерінде жүре беріп, азып кеткен сияқты. Сол күні қызық думан боп, бірталай әндер шырқалды. Ақылбай скрипкада орыстың «Ермак», «Бродяга» секілді әндерін орындап берді. Ертесі күні Әбіш Дәрмен және Мағаштармен бірге өткен күзде қайтыс болған Ұлжан әжесіне құран оқып, сол жақтағы өз шешесі Ділдәні де көре келуге аттанды. Барып көзіне жас ала құран оқып, кәрі әжесі Ұлжанды еске алды. Шешесімен көрісті. Ділдә Әбішке: «Биыл үйленбесең де айттырып қоямын. Мына көрші ноғай Махмұттың Мағрипа деген бойжеткені бар. Сен сонымен кетер алдында танысып кет», - деді. Әбіш біраз қысылғандай болды да үн қатқан жоқ.

 

2

Әбіштер көп бөгелмей Ақшоқыға қайтты. Абай баласы Әбіштен Россия туралы сұрап білуден шаршамайтын. Ал Әбіш Базаралы ісі туралы   сұрады. Абай қатты күрсініп, ел ішіндегі оқтын-оқтын орын алатын теңсіздіктерді айтатын. Сосын олар Степан Разин және Пугачев көтерілістері туралы әңгімелесе кетті. Емельян Пугачевті аямай төрт бөліп тастағаны (Кремль жанында) туралы да сөз қозғалды.

 

3

Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша  алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын» (би, болыстар алатын салым) алымдары бүкіл Шыңғыс айналасындағы кедейлерді зар қақсататын. Осы салықты жинау үшін қаладан ұлықтың өзі Никифоров келіп түсті. Ол Бөкеншінің Ақтомар жайлауына келген. Әр ауылдан қарашығынды жинап алу үшін сотқар Далбай мен Дүйсен деген орта жастағы кісілерді жіберген. Олар Базаралының ауылына келіп түсті де, кедейлердің малдарын тартып жинай бастады. Бұл ауыл Жігітектің Суықбұлақ жайлауында болатын. Сержан, Әбді деген жігіттер бұл істі көріп, екеуін де ұстайды да Базаралының алдына алып барады. Базаралы олардың бөксесін жалаңаштатып, қамшылауға бұйрық етеді. Сол кезде екі сотқар ойбайлап, жалынып кетеді. Содан кейін Базаралы өз ауылынан ешқандай салымның алынбайтынын нақты айтады және бұл жағдайды ешкімге айтпауы үшін оларға ант іштіртіп, Құранды сүйдіртеді. Далбай мен Дүйсендердің сауаты жоқ болатын. Себебі олар сүйген кітап Құран Кәрім емес, Абайдың өлеңдер жинағы болатын. Осылай Базаралы ауылы биылғы шығыннан құтылып кетті. Бірақ басқа ауылдың кедейлері барлық малынан айырылып жатты. Соның бірі Тәкежан ауылы болатын. Ұлы Иса қайтыс болғаннан кейін, оның әйелі де көпке бармапты. Иіс кемпір екі жетім немересімен қалған. Ол немерелерін жалғыз көк сиырымен асырап келетін еді. Сол сиырын да қарашығын үшін алып жатқан кезде артынан Иіс кемпір зарлап, қарғап жатты. Жақын маңда жүрген Дәрмен мен Баймағамбет айқайды естіп шауып келеді. Дәрмен ақырып, белінен пышағын алады да, әкетіп жатқан көк сиырдың жібін кесіп жібереді. Сол кезде Далбай атты шауып келіп, Дәрменді қамшының астына салады. Дәрменнің беті қан жоса болады. Баймағамбет лезде атына мініп, Абайды шақырғалы шауып кетеді. Сол кезде әскери киімін киіп жүрген Әбіш асыға жүгіріп келіп, ызамен Далбайды құлатып жіберіп, жерде сүйрете бастайды. Содан кейін Абай да келіп қалады. Мына жақтан ұлық Никифоров та шуды естіп, келіп жеткен екен. Жанжалды тоқтатып, Абай кедейлердің малдарын қайтарады. Олардың орнына байлардың малдарын алдыртады.

Болған оқиғадан кейін Абай өз үйінде көп ойланып жатты. Россияда алты-жеті жылда осындай кедейлердің салығынан, жүдеуліктен патша үкіметіне қарсы үш жүзге жуық көтерілістер мен дүмпулер болған екен.

«Неге бізде де болмасқа, басшы жоқ па?», - деп, ол өз-өзіне көп түңілді. Кейін Оспанды шақыртып алып, қатты ұрысады. «Өзің болыс бола тұрып, ел қиындығына қарамайсың», - деп ақырады. Оспан ағасының алдында қатты қысылып, бәрін қайта қарауын айтады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 167 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 ieugr661  
0
hannoclb

http://businessonlinee067.com/2022/04/21/%d0%be%d1%81%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%b5-%d0%be%d1%81%d0%bc%d0%b0%d0%bd-91-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-%d0%b2%d1%81%d0%b5-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%b8-%d1%80%d1%83%d1%81%d1%81-3/
https://www.bdsmgr.gr/community/profile/lilyharms180689/
https://www.thecreativegoodlife.com/community/profile/lucianagreenber/
https://www.topspremium.com/community/profile/randell97o66874/
https://plentyofdice.com/community/profile/nicolasmacklin/
https://centummaths.com/community/profile/alvaomahony7053/
http://trimed.mk/community/profile/damongpy7239502/
https://www.fenix.lt/community/profile/kandiceferguson/

Имя *:
Email *:
Код *: