13:57
"Абай жолы" роман-дәуірнамасының қысқаша баяндалуы

ІІ КІТАП / ЭПИЛОГ

Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып, толқып тарап жатты. Абайдың өлеңдері шешесі Ұлжанның құлағына да шалынып, бір қуантады. Әуендер мүлтіксіз кең Тобықтыға, сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесек пен Қуандыққа, Аягөз, Тарбағатай мен Алтай наймандарына да жетіп жатты. Машандағы Найман ауылында жүрген  Тоғжанның құлағына да естіледі. Әнді есіткен сәтте, Тоғжанның жүрегі «Абай» дейтін еді. Қатты күрсініп, жылап күйзеле беретін. Мұхаметжан, Мағаш, Кәкітайлар Ақшоқыға келіп, ел Абай атына қанық болғанын айтады. «Сөзі, өсиеті бөлек Абай деген жақсы шығыпты», - дейді екен. Абай бір төбеге жалғыз өзі шығып, мақтаныш сезімге, әсем армандарға бөленеді. Осы сәт сахарада үлкен шаң көтеріледі. Абайдың қасына тез атты шауып, Сәдуақас (Дәркембай ауылынан, өзі жетім болғандықтан, Абай оны кішкентай бала кезінен қалаға оқуға берген) кеп түседі. Сәдуақас: «Анау шаң! Абай аға! Біздің жатақтың азғантай жылқысына тиген жау. Әкетіп барады», - деп, жігіт жылап жібергендей болады. Абайдың аз алданышы да, қиялы да осы хабардан кейін сөне берді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: