19:14
Абай айнасы – рухани кемелдену

ИМАНДЫЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙІ

Әлбетте, рухани білім алу барысында жүрек тазарып, көкірек көзі ашыла бастайды. Бұл имандылыққа жеткізіп, адам келесі сатыға көтеріліп, салауатты өмірге жақындау арқылы тән және жан саулығын реттей алады. Иманның не екенін Абай он үшінші қара сөзінде былай деп береді:

«Иман деген – Алла табарака уа тағаланың[i] шәриксиз[ii], ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм[iii] арқылы жіьерген жарлығына, білдіргеніне мойынұсынып, инанмақ». Сонымен иман дегеніміз Алла тағаланың мәңгілік, бір, бар екеніне сену және Оның пайғамбарымьыз арқылы жіберген жарлығына мойынұсыну. Ал имандылық дегеніміз иманды іскке асыру, яғни болмыстың бір себебі барына, ол барлығына ортақ заңдылықтарға бағынатынына сеніп, өмірді соған лайықтау. Бұл – бүкіл болмыс өмірінің үйлесімділік тәртібі болғандықтан, имандылықты қабылдауды материалдық жетілу сатысының басы, яғни салауатты өмірдің басталуы деуге болады. Салауатты өмір мен материалдық жетілу сатысы сәйкес келеді. Бүкіл әлем өмірін реттейтін иманға келудің маңызы өте зор. Абай осы сөзінде әрі қарай ақылымен дәлел тауып және кітаптан оқу арқылы немесе молдалардан естіп иманға келуге болатынын жазады. Тапқан иманға ие болу керек. Ол туралы ойын он үшінші қара сөзінде жалғастырады:

«Енді мұндай иан сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен... Иманға қарсы келерлік орында ншбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді-дағы демесін, оның үшін Құдай тағаланың ғафуына[iv] яки пайғамбарымыздың шафағатына[v] да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын». Міне, ойшыл иманның маңызын көрсетіп, оныың дұрыс болуын осылай қорғайды. Иманның берік болуы ғибадаттың тазалығына байланысты. Бұл туралы Абай он екінші қара сөзінде жазады:

«Ләкин[vi], сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі – иманның иғтиқадын[vii] махкемлемек[viii] керек, екінші үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе екен. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа-ләкин[ix], кімде-кім иманның неше нәрсе кәмәләт[x] табатұғынын білмей, қанша жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірәдар атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды». Осы сөздерден адам рухани жолда жетілуі үшін, біріншіден, иманды бекітуі керек, ал екіншіден, үнемі үйреніп, рухани дами беруі керек екенін ұғамыз. Бұл – рухани жетілудің, яғни жүректі тазартудың шарты. Иман дәрежесі, яғни сенім дәрежесі адамның рухани деңгейін көрсетеді. Адам даму барысында неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым оның иманы жоғары болады. Оның жаны тазарған сайын иманы ұлғая түседі. Бұл – өмір мақсатына толық жеткенше созылатын үздіксіз үрдіс. Осылай Абай үлкен ынта-жігер, ықыласпенжасалған ғибадаттың маңызын көрсетеді. Ойшыл ғибадатты иманның дұрыс болуын қадағалайтын күзетшісі деп есептейді.

Әуелде имандылықты ұстау өте қиын болады. Жүрек әлі белгілі дәрежеде тазарған жоқ, сондықтан адамның көңілін фәни өмірдің қызықтары аулай береді. Сөйтіп ол қайтадан төменгі сатыға құлауы мүмкін. Ондай адамдар туралы Абай отыыз төртінші қара сөзінде былай дейді:

«Және һәмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды... бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп – бәріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сенбейді. Ол екеуіне анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне бұлдыыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?.. Оның несі адам?» Абай осылай Құдайға деген толық сенімге шақырады. Ондай адамда, барлық жақсылық істерді табу ешқандай қиыншылық тудырмайтын болғандықтан, ешқандай уайым (фәнилік уайым) болмайды. Ал имандылығы бұлдыр адамдарды Абай тіпті мұсылман деп атағысы да келмейді. Осыдан данышпан мұрасының негізгі түйіні адамды тек қана өмірдің жоғарғы мақсатына бағыттау екенін көреміз.

Имандылық деңгейінде барлық адам Құдайдың Өзіне сеніп, Оның сансыз көп қуаттарына сенеді, не болмаса олардың кәрінен қорқады. Осылай әркім адамгершілігін жоймайды. Жазадан қорқу адамды өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтап, табиғи міндеттерін орындауға мәжбүр етеді. Айталық, Кеңес дәуірінде үкімет орнатқан темірдей қатты тәртіптің арқасында ұрлық-қарлық, жұмысқа шықпай қалу сияқты қоғамға зиянды әрекеттер сирек кездесіп, әркім өзінің міндетін дұрыс орындауға ұмтылды. Соның нәтижесінде Кеңес Одағы тәртіптің әлі босаңсымай тұрған шағында жақсы жетіліп, тіпті алдыңғы қатарлы капиталистік елдермен жүген қағыстырды емес пе?! Сол сияқты, егер жолы болса, бұрын бейберекет, қалай болса солай өмір сүріп жүрген адамға адамгершілік қасиеттері жоғары кісі жолығып немесе жақсы қоғам ортасына кез келіп дұрыс жолға түсуі мүмкін. Ол түзелейін деп түзелмейді, жақсы адамды ренжітуден, қоршаған ортаның тәртібінен қорыққандықтан не болмаса оны сыйлағандықтан түзеледі. Сондықтан пенде адам болуы үшін не Құдайдан, не болмаса Оның қуаттарынан, яғни бұзуға болмайтын тәртіптен қорқуы керек. Төменгі деңгейде басқа қозғаушы күш жоқ. Мұны бүгінгі заман өзгерістерінен көріп отырмыз. Демократия орнап, жазалау қаупі төмендегеннен кейін ұрлық-қарлық, зинақорлық, пара алушылық, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық тәрізді қоғамға зиянды құбылыстардың көбеюі – осының көріністері. (жалғас бар)

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

[i] Игі тілекке жолдаушы ұлы тәңір.

[ii] Көмекші, серік, бұл жерде жалғыз, бір өзі тең келмейтін, бірдей келмейтін деген мағынада.

[iii] Алла оған игі тілек тілеп, сәлемін алсын (Мұхаммед пайғамбардың аты аталғаннан кейін айтылатын құрметтеу).

[iv] Кешу, кешіру.

[v] Қорғау, жәрдем ету, көмектесу.

[vi] Бірақ.

[vii] Сену, нану.

[viii] Берік, мықты, орнықты.

[ix] Ал, бірақ.

[x] Рухани, даму, толықтыру.

Просмотров: 343 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: