ӨСИЕТ ӨРНЕКТЕРІ

  • Байлыққа мақтану ақылдының ісі емес.
  • Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
  • Кемтарларға, жетімге қамқорлық жаса, жәрдем бер, садақа бер.
  • Айтта, Наурызда, мереке күндерінде «құтты болсын» айтуды ұмытпа.
  • Танитын адамдарға қуанышына ортақтасуды немесе қайғысына көңіл айтуды ұмытпа.
  • Тәңірге, аруаққа, халыққа тіл тигізбе.
  • Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында һәм оларды әулие тұт.
  • Біреудің киімін (жақсы болса да) киюге әуестенбе.
  • Өнердің қай түрі болса да үйренуден жалықпа.
  • Туыс-туғандарыңды, нағашы-жиендеріңді, тағы басқа ілік, құда, жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт.
  • Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта.
  • Ата-баба қорымдарына соғып, оларға дұға оқуды ұмытпа.
  • ... Читать дальше »
Просмотров: 772 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/04/2017 | Комментарии (0)

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ

Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырай. Оның «Үкілі Ыбырай» атануының себебін «Өзім жайлы» атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті:

«Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,

Қос буын шекесіне үкі тақтым», – десе қара қалпақтағы қос буын үні дом­бырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып «Үкілі Ыбырай» атанды.

Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылда ... Читать дальше »

Просмотров: 767 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/04/2017 | Комментарии (0)

ЖАЯУ МҰСА

Байжанұлы Жаяу Мұса – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі – Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы.

Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.

Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік ... Читать дальше »

Просмотров: 705 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/04/2017 | Комментарии (0)

БАЛУАН ШОЛАҚ

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) (1864–1916) — қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде өтіп, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. &laqu ... Читать дальше »

Просмотров: 690 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/04/2017 | Комментарии (0)

БІРЖАН САЛ

Қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі – XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертістен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдіг ... Читать дальше »

Просмотров: 560 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/04/2017 | Комментарии (0)