АУА РАЙЫН БОЛЖАУ ХАҚЫНДА

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың ауа райын болжау тәсілдері еді. Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі һәм құпиясын терең білгендігі сондай: айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Ендеше қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата-бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз-кем тоқталуды жалғастырайық..

  • Аралар омартадағы өздері кіріп-шығатын тесігін жартылай жапса, қыс суық болады; ашық қалдырса, қыс жылы болады.
  • Жауын құрты жер бетіне шықса, жаңбыр жауады.
  • Балықтар су бетіне шығып, шапшып ойнай бастаса, жауын ... Читать дальше »
Просмотров: 619 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/03/2017 | Комментарии (0)

ШАЛ АҚЫН

Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы – халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.

Ол, Құлеке батыр, Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, Орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы – үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайл ... Читать дальше »

Просмотров: 522 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/03/2017 | Комментарии (0)

БҰҚАР ЖЫРАУ

Бұқар жырау Қалқаманұлы – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. ... Читать дальше »

Просмотров: 497 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/03/2017 | Комментарии (0)

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ

Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі – өз әкесі, дәріс алған ұстаздары – сол кездегі әкесі тәрізді көнекөз қарттар. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей ауыл арасында ғана емес, жалпы жұртқа да өзіндік ерекшелігімен өте тез танылады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ат жалын тартып мініп, найзасы һәм жалынды жырларын жауына қатар сермеген Үмбетей жырау халқының құрметіне бөленеді. Сыртқы жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау оның өзекті тақырыбына айналады.

... Читать дальше »

Просмотров: 1030 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/03/2017 | Комментарии (0)

ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ

Жиембет Бортоғашұлы жырау, әскербасы болған. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған.

Жиембет Бортоғашұлы қазақ халқының ішкі һәм сыртқы істерінің бел ортасында жүрді. Есім хан тұсында ол Кіші жүздің әскербасы, батыры, биі болған.

Жиембет жырау – қазақ тарихындағы ел басқарған көсем деңгейінде көтерілген елеулі тұлғалардың бірі. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан Жиембет жырау өз заманында бүкіл алшынға әмірін жүргізген. Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы жорықтарында асқан ерлік көрсетеді. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақ ... Читать дальше »

Просмотров: 515 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/03/2017 | Комментарии (0)