АУА РАЙЫН БОЛЖАУ ХАҚЫНДА

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың ауа райын болжау тәсілдері еді. Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі һәм құпиясын терең білгендігі сондай: айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Ендеше қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата-бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз-кем тоқталайық.

  • Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрсып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, ... Читать дальше »
Просмотров: 551 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/03/2017 | Комментарии (0)

АБЫЛАЙ ХАН

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.

Абылай ханның ата-бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз-Жәнібектен тараған.

Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді һәм Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ Отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастардың бел ортасында жүреді, әсіресе жекпе-жекте ерен ерлік көрсетеді. Қалың халық бұқарасына оны ә ... Читать дальше »

Просмотров: 475 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/03/2017 | Комментарии (0)

ТӘУКЕ ХАН

Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр (т. ж. б. -1718) Қазақ хандығының билеушісі, Жәңгір ханның баласы. Ол билік еткен кезең Қазақ хандығының «алтын ғасыры» саналады. Орыстың белгілі тарихшысы А.Левшин Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегіне сүйене отырып, ортақ билікке жікшілдік пиғылда болған төрелерге қарсы күрес жүргізді. Мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды.

Оған барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Кеңесті Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мәртөбеде және Күлтөбеде өткізіп тұрды. Ұлы жүзді Төле биге, Орта жүзді Қазыбек биге, Кіші жүзді Әйтеке биге, қарақалпақтар ... Читать дальше »

Просмотров: 548 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/03/2017 | Комментарии (0)

САЛҚАМ ЖӘҢГІР

Салқам Жәңгір – 1645 жылы туып, 1652 жылы қайтыс болған Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңір» атап кеткен. Оның тұсында Батұр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерлерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты.

Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге ол қырғыздар ... Читать дальше »

Просмотров: 571 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/03/2017 | Комментарии (0)

ХАҚНАЗАР ХАН

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға һәм күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523–1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның ... Читать дальше »

Просмотров: 477 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/03/2017 | Комментарии (0)