ӘЙТЕКЕ БИ

Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайырға ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жаңатөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» ... Читать дальше »

Просмотров: 612 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/03/2017 | Комментарии (0)

ҚАЗЫБЕК БИ

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі е ... Читать дальше »

Просмотров: 532 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/03/2017 | Комментарии (0)

ТӨЛЕ БИ

Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт таныған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортақлыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқы ... Читать дальше »

Просмотров: 547 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/03/2017 | Комментарии (0)

ХАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Әлбетте, халық өлшемдері ұлт мәдениеті һәм этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып һәм сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Ендеше, халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталып көрейік. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей салмақ өлшемі, көлем өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.

Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген. Айталық, мысқал (1 г), қадақ (750 г), келі (1 кг), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдермен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.

Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі һәм мөлшерін, аума ... Читать дальше »

Просмотров: 629 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 10/03/2017 | Комментарии (0)