НАУРЫЗ КЕЛДІ ЕН ДЕ ДАРХАН ДАЛАҒА

 

Наурыз келді ен де дархан далаға,

Алақайла үлкен-жас һәм бала-шаға.

Суық қыстың, аяз-боранның беті қайтты,

Түрленер жанды-жансыз көктем шыға.

 

Қарасақ, қар еруде, суға айналып,

Көңілді бұлақ жарысуда, арна салып.

Жыл құстары әнге басты көк аспанда,

Қайтып келді біздің жақты бетке алып.

 

Менмұндалап көріне бастады Жер ажары,

Жылы леппен аймалайды жел самалы.

Бүршік жаруға әсте әзір тал һәм терек,

Әлсіз қыстың құтыруы енді шамалы.

 

Ұлыс күні – Наурыз-мейрам мерекесі,

Аққа жақ бұқараны ... Читать дальше »

Просмотров: 611 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/03/2016 | Комментарии (0)

ЕЛ-ЖҰРТ ЖАДЫНДАҒЫ ЗАҢ БАПТАРЫНАН

  1. Халықтың салт-дәстүрін бұзғандар заңды бұзған ретінде жазаланады.
  2. Қарызға алынған мал жыл өткен соң төлімен қайтарылады.
  3. Ұрғашы мал еркек малдан гөрі қымбат бағаланады.
  4. Қонақ қондырмағанға айып бар.
  5. Қонақасыны дұрыс бермегендер – жазаға лайық.
  6. Ауқатты адамдар кедейге жәрдем беруге міндетті.
  7. Малды және басқа жануарларды зәбірлеу – қылмыс.
  8. Әдеп, тәртіп бұзғандарға жаза бар.
  9. Тентекке әке-шеше ғана емес, бүкіл ауыл, ақсақал жауап береді.
  10. Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді.
  11. Оң жақта отырып екіқабат болған қыз қалыңсыз беріледі.
  12. Некесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.
  13. Қарабет болған қыздың бұ ... Читать дальше »
Просмотров: 717 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/03/2016 | Комментарии (0)

 «ШЫНЫМЕН НЕ ҚАЛАЙСЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗІР СОҒАН ҚАТЫСТЫ НЕ ІСТЕП ЖАТЫРСЫЗ?»

Өміріңіз бен сезімдеріңізді бақылауыңызға ала аласыз, сабақ оқуға да оп-оңай кірісе аласыз. Бұны іске асыру үшін, «үшінші тіл» ойлап табуыңыз керек. Үшінші тіл сізді өзіңізге лайықты өмір сүргізетіндей тіл болу керек, сізге бұйырмау керек, сізді қорқытпау керек. Мақсаттарыңызды белгілеп, бар ынтыңызбен сабақ оқуға мықтап кірістіңіз. Алайда атқаратын істерңізді санаңызға сіңдіре алмасаңыз, алға қойған мақсатыңыз және оны жүзеге асыратын күш-жігеріңіз ештеңеге жарамайды. Мысалы, математика пәнін сүймейті және бұл пәнді оқымайтын бір оқушының өзінің үшінші тілін қалай қолданатынын зерттеп көрейік.

Математика

Болымды ой: «ҰБТ-ға керекті пән әрі мені мақсатыма жеткізеді».

Болымсыз ой: «Мен үшін ең қиын сабақ. Үйренуім өте қиын».

... Читать дальше »
Просмотров: 643 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 25/03/2016 | Комментарии (0)