ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Ата-баба дәстүрін, ғұрыпты аттамайды. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл ел-жұртыңды сыйлағаның.
  • Жасы кіші болса да әкесі үлкен болса – оның «жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт-дәстүрде жол, кезек соған беріледі. Мұны есте сақтаған жөн.
  • Табақта басқа елдің (рудың, тайпаның, жүздің) азаматы отырса, бас соған тартылады.
  • Қыз келіндерден жоғары отырады. Қыз ағаларынан да жоғары отыруға хақы бар. Өйткені «қыздың жолы жіңішке» дейді халық.
  • Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидікі немесе сол елдің әжесіне, жақсы анасына беріледі. Бесікті отпен аластайды.
  • Бата беру, ас қайыру қонаққа немесе ақсақалға, жолы үлкенге беріледі.
  • Алыстан қонақ келсе – үйдің көршісі және ауыл ақсақалы шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді.
  • Алыстан келген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем беруге тиіс. «Алыс ... Читать дальше »
Просмотров: 685 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/10/2015 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢБЕК ДӘСТҮРЛЕРІ

Нәзір (салт, ырым). Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы, егін салғанда, су келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «тәңірім, ісімді оңдай көр», «қайырлы ете көр» деп «нәзір» жасаған.

«Нәзір» дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір малын сойып өзінің басталғалы отырған ісінің мән-жайын айтып, аруақтарға дұға оқытып, көпшіліктен бата тілейді. «Көп тілегі көл» дегендей жиналғандар оған «алла риза болсын», «тілегің қабыл болсын», «ісің оңға бассын» деген сияқты ізгі, баталы, аталы сөздерін айтып ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен қарайтын халықтың осы ізгі жол ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдеп-салтының қасиетін айқындай түсетін тағы бір елдік нұсқа.

Үме (салт). «Үмеге келген үндемей қалмайды» (мақал). Ү ... Читать дальше »

Просмотров: 1078 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/10/2015 | Комментарии (0)