17:40
Жаңа оқу жылы табалдырығында

Тамыз мәслихаты қарсаңында

МОНИТОРИНГТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТЫ

Жалпы білім беретін мектеп қызметінің жүйесін зерттеу негізі бұл – өзіндік бағалауға ұсынылатын мынадай бөлімдердің талдауы болып табылады: басқару жүйесінің қолайлылығы; білім беру үрдісінің нәтижелілігі; оқушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктері мен денсаулығын дамыту мен қалыптастыруды мониторингтеу һәм диагностикадан өткізу деңгейі; мектепішілік бақылаудың тиімділігі; тұлғаның жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін дамытуға, денсаулығын сақтау мен нығайтуға және түбегейлі хабарданудың жеткілікті деңгейін қалыптастыруға септігін тигізетін мектептің білім беру жүйесінің жетістіктерін қамтамасыз етуші жағдайлардың қолайлылығы; білім беру ұйымының шынайы артықшылықтары.

Белгілер мен көрсеткіштер дегенде біз мектеп қызметін сан мен сапа тұрғысында бағалайтын өлшеуіштерді мегзейміз. Бұл тұста белгілер мен көрсеткіштер ортақ және жеке түрде үйлестіріледі. Көрсеткіштер қарастырылып отырған объектінің жеке қасиеттері мен белгілерін сипаттайды да, сандық және сапалық берілгендерді жинақтаушы құрал қызметін атқарады.

Жалпы мәліметтер білім беру ұйымының ерекшеліктерін сипаттайды да, ерекше белгілері бойынша білім беру мекемелерін топтастыруға, жетістіктер мен нәтижелерді, сондай-ақ туындайтын мәселелерді шамалауға мүмкіндік береді.

Басқару жүйесінің қолайлылығы – білім беру ұйымына қойылған мақсаттың қаншалықты түрде алынған нәтиже мен алға қойылған мақсаттың сәйкес екендігін бағалауға мүмкіндік беретіндігінде болып отыр.

Білім беру үрдісінің нәтижелілігі кіріктірушілік сипатқа ие. Қолайлы және мақсатты байланыстар жүйе түзуші сипатта болып келеді. Сондықтан осы байланыстар мектептің педагогикалық жүйесінде неғұрлым көп дамыған сайын, соғұрлым мектеп қызметі нәтижелі бола түседі.

Мониторингтің объективтілік сипаты жоғары һәм төмен дәлдік деңгейінде есепке алуға болатын нәтижелерге артықшылықтар жасауды көздейді. Оларға: біліктілік деңгейі, тәрбиелілігі, тұлғалық дамуы, физикалық, психологиялық және соматикалық саулығы, әлеуметтік бейімделуі жатады.

Білім алу – білім мазмұны элементтерінің (білім, білік, дағды) және педагогикалық үрдіске қатысушылардың білім беру мен кәсіптік қызметтеріне ынталандырушы-құндылықтық қарым-қатынасы мен оқушылардың оқу-танымдық және шығармашылық қызметі тәсілдерінің тұтас үйлесімділігі деп қарастырылады.

Тәрбиелілік деңгей – оқушының қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғаммен өзінің қарым-қатынасын реттей алуға дайындығымен сипатталады. Адамның қоғам мен ұжымға, адамдар мен өзіне деген қарым-қатынасы жүйесін – тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасыу сияқты көрсеткіш арқылы бағалауға болады, сондай-ақ өмірлік жолын тандауы мен білім алуын жалғастыруға дайындығын көрсетеді.

Мектептің білім беру жүйесінің нәтижелілігі ретінде жеке тұлғаның тұлғалық һәм танымдық даму деңгейін бағалау көрсеткіштері мен белгілерін анықтағанда мынадай жағдайлар ескеріледі: психикалық үрдістер, психологиялық саулық, әлеуметтендіру, физикалық және соматикалық жағдайлардың даму деңгейінің мониторингі, сабақ үстіндегі және сабақтан тыс қызмет жүйесінде дарындылығының байқалуы.

Тұлғаның дамуы бұл – адамның әлеуметтік ортаға кіру және бірігу үрдісі, яғни ол тұлғаның іс-әрекетін, оның өзге де педагогикалық үрдіске қатысушылармен қарым-қатынасын көздейді, ал тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің өлшеуіші оның жалпы әлеуметтік белсенділігінің көрсеткішіне айналуы мүмкін.

Мектепішілік басқару тиімділігі – білім беру ұйымының қолайлы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында білім беру үрдісіне жоспарлы түрде ұйымдастырылған, ғылыми негізделген, жүйелі әсер ету деп түсіндіріледі. Анығында, білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру, құрылымдау һәм мазмұндау, мониторинг жүргізу, әлеуметтік бағыттылық, нәтижені бағалау, педагогикалық қызметтегі алдын алу және өзгертулер кіргізу шараларын жүргізу. Мұнда сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы педагогикалық өмірдің біртұтастығы, білім беру мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялардың қолайлылығы, білім беру үрдісінің нәтижелілігін жетілдірудегі жаңалықтардың ықпалы қарастырылады.

Тұлғаның психофизиологиялық даму ерекшеліктеріне, денсаулықты сақтау мен нығайтуға, негізгі құзырлылығының жеткілікті деңгейде қалыптасуына септігін тигізетін мектептің білім беру жүйесінің жетістіктерін қамтамасыз ететін қолайлы жағдайларды жасау – бұл білім беру мекемелеріндегі менеджмент жүйесінің тиімділігінің негізі болып табылады. Мектеп әкімшілігінің негізгі міндеті – мектеп мақсаттарына жетуге, қағидалар мен құндылықтарды қалыптастыруға, оқушылардың қызығушылығына, мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін сапалы білім алу құқығын жүзеге асыруға бағытталған білім беру ұйымы педагогтарының һәм өзге де қызметкерлерінің өнімді, шығармашылықпен жемісті қызмет атқаруына жағдай жасау және осы мақсатта тиімді жолдар қарастыру болып табылады.

Зерделесек, мониторинг бағдарламасы диагностикалық әдістемелер жинағынан, айқындалған көрсеткіштер бойынша ақпарат алудың өзге де тәсілдерінен, ақпаратты жинау мен өндеудің стандартты қалыптарынан тұрады.

Қалыптылық сипатына қарамастан өзіндік бағалау – білім беру жағдайын зерттеудің объективті тәсіліне жатады. Берілген әдіс білім беру үрдісіндегі мақсаттылық стратегиясын, түрлі деңгейдегі педагогикалық мәселелерді шешудегі бірізділік, мектеп әкімшілігінің хабардарлық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде мектеп басшысына республика, облыс, аудан деңгейінде білім беру жүйесі бойынша болжамдар жасауына мүмкіндік береді.

Білім беру үрдісінің нәтижелілігінің нақты дәлелі болып табылатын статистикалық мәліметтер арқылы білім беру жүйесінің жағдайын нақты бағалауға һәм білім беру үрдісінің өсу қарқынын, нәтижелілігін анықтауға болады.

Сауалнама жүргізу берілгендердің жинақылығын, өндеудегі жеңілдігін, жылдамдығы мен құпиялылығын сипаттайды. Оқушы, мұғалім және ата-аналар сауалнамасы жеке мәселелерді қарастырғанда қолдау мен келіспеу туралы мәліметтерді тез алуға мүмкіндік береді.

Педагогикалық іс-тәжірибеге педагогикалық мониторинг жүргізу үшін ұсынылып отырған әдістер арқылы мониторинг жүйесінің әмбебаптылығының арқасында жалпы білім беру үрдісіне кешенді зерттеулер жасауға болады.

Мектеп қызметі мониторингінің мазмұны мыналарды көздейді:

[     көлемді анықтау;

[     қызметтің нормативтік талаптарға сай келуі;

[     педагогикалық ұжым қызметінің бағыттылығы мен біртұтастылығын бағалау;

[     жұмыстың жүйелілігі мен белсенділігін бағалау;

[     жұмыстың орындалу сипатын бағалау;

[     білім беру қызметінің ұйымдастырылуын бағалау;

[     сабақтан тыс уақыттағы жұмысты бағалау;

[     әрбір оқушы тұлғасын дамытудағы педагогикалық ұжымның бағыттылығын бағалау.

Ақиқатында, мектеп қызметінің түпкі нәтижесі – біліктілік, тәрбиелілік, тұлғалық даму деңгейі бойынша бітірген түлегі болып табылады. Осы нәтижеге өзара әсер ету мен байланыс жасау арқылы қол жеткізіледі. Мониторинг нәтижесінің сапасы белгілі бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіп жатқан нақты пән мұғаліміне, сондай-ақ білім беру баспалдағында жұмыс жасап жатқан мұғалімдер тобына, оқушылардың мектептен тыс мазмұнды жұмысын ұйымдастырушы қосымша білім беруші педагогтарға байланысты болады. Білім беру үрдісіндегі әрбір субъектінің қызметі мектептің негізгі мақсаттарына тәуелді, ал педагогикалық жүйенің жеке элементтерінің міндеттері өзара үйлестіріледі, ал ол өз кезегінде педагогикалық жүйенің жемістілігі мен нәтижелілігін қамтамысыз етеді.

Сайып келгенде, осылайша педагогикалық қызметтің барлық объективті һәм субъективті тұстарын бағалайтын мониторингтің жүйелік сипаты он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу менен өскелең ұрпақты оқытып-тәрбиелеудегі арысы еліміздің, берісі аудан-ауылымыздың білім беру жүйесінің дамуын болжауда заманалық педагогикалық қызметтің іс-тәжірибесін есепке алуға мүмкіндік береді.

жиған-терген hәм баспаға әзірлеген

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1616 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: