19:25
Бүгінде...

Ауыл ырғағының ымбылы

ЕЛ ИГІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

Алыс-жақын елдер жұртшылығын тәуір әбігерге салып үлгерген қаржылық-экономикалық дағдарыс осы күндері елді басқарып отырғандардан һәм жалпы жұртшылықтан батыл да сапалы шешімдерді талап етіп қана қоймай, соларды іс жүзінде сапалы орындауды да жатпай-тұрмай міндеттеуде. Бұл бағытта азаннан ақшамға дейін тындырылып жүрген харекеттер де қомақты.

Дағдарысқа қарсы шара ретінде іске қосылған «Жол картасы» бойынша қазіргі кезде адуынды іс жүргізіліп келеді. Айталық, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің жылу қазандығын ғимараттан бөліп тұрғызуға «Жол картасы» бойынша жеті миллион теңге қарастырылып, бастапқы жұмыстар әупірімдеп басталып та кетті. Дәл қазіргі кезде байқауды жеңіп алған мердігер геологиялық-топографикалық бағыттағы шараларды тындырып, жауапты шараларға білек сыбана кіріскелі тұр. Әжептәуір уақытты алатын осынау құрылыс жұмыстарына бірнеше жұмыскерлерді жұмыспен қамту да міндеттелініп отыр. Бұдан басқа «Жол картасы» бойынша осы күндері бесқарағайлық азаматтар аудан орталығында асфальтті жолды жөндеуде һәм орталық аудандық емхананың шатырын жөндеуде еңбек етіп келеді. Әзірше жұмыссыз болып отырған алты адам жұмыс жасап жүр.

Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша кәсіптік лицейді тәмамдаған екі жас маман тиісінше Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі менен Қызылағаш ауылдық әкімиятта алғашқы жұмыстарына кірісіп те кетті. Сонымен бірге аудан әкімдігінің биылғы жылдың 17 ақпандағы «2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №18/2 қаулысына сәйкес Қызылағаш ауылдық округі, яғни Бесқарағай ауылы, бойынша елді мекенді көркейту, көгалдандыру бойынша үш адамды, жұмыс көлемі ұлғайған кезде ауылдық округтің әкімдігінде құжаттарды ресімдеуде көмек көрсету бойынша бір адамды жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта қоғамдық жұмысқа учаскелік комиссияға көмек көрсету, қоғамдық және әлеуметтік мәдени маңыздағы иесіз қалған нысандарды күзету, саябақ пен егілген ағаштарды малдардан қорғау бағытында да бірнеше адамды жұмыспен қамту қырағы бақылауда тұр.

Жазғы демалыс уақыты кезінде Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ұжымы педагогикалық еңбек жолын енді ғана бастағалы отырған жас мамандармен жаңара түспек. Бір жақсысы, жұмысқа келетін жас мамандардың басым бөлігі кезінде осы мектеп ұясынан жеке өмірге пырақтана ұшқан түлектер. Сонымен бірге кезінде осы мектепте жұмыс істеген педагогтар араға уақыт салып келетіндер қатарынан. Әрбірін апталық жүктемемен қамту күн тәртібінде әрдайым тұрған жауапты мәселе.

Қарап отырсақ, тұрғындары мыңға жуық Бесқарағай ауылында ел игілігін арттыру жолында аз да болса атқарылып отырған жұмыстың ау-жайы осындай. Әрине, бұнымен шектелмейді, себебі қос қолға жұмыс таба алмай жүрген адамдарды жұмыспен қамту әлі де жүйелі түрде жүргізіле береді. Тек жұмыс табыла берсін деп бірауыздан тілейік те.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы бойынша «Нұр Отан» ХДП БПҰ хатшысы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

www.shakhibbeker.ucoz.kz

Просмотров: 1061 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: