18:30
Балдәурен

Жаз – 2009

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІМЕН АШЫЛҒАН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Маусымның бірінші жарығымен келетін халықаралық балаларды қорғау күні игі һәм керемет дәстүр бойынша Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде биыл да алаулатып-жалаулатып мерекеленді. Мектеп алдында ұйымдастырылған концерттік бағдарламада бал бүлдіршіндер ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер алдында өз қайталанбас өнерлерін паш етті. Жарасымды әдемі киімдерін киіп ән шырқады, мың бұрала би биледі, балын тамыза шағын өлең шумақтарын ла оқыды. Көрермендер осынау өнерпаздарға алақан соғып, шексіз қошемет көрсетті.

Жылдағы үрдісбойынша оқу ордасының жанынан «Балдәурен» атты жазғы сауықтыру лагері де өз шымылдығын ашты. Мереке барысында сөз алған лагерь жетекшісі болып тағайындалған бастауыш сыныптар мұғалімі Омарова Н.С. демалатын балаларды лагерьдің күн түзілімімен барынша таныстырып өтті.

Бұл әрі демалу-сергу, әрі сауығу-шынығу шарасы он бес күнді қақ бөле еншілеген екі кезеңнен тұратын болады. Онда балалар демалысына қатысты барлық жұмыстар кешенді түрде қарастырылып қойды.

Демалатын балалардың денін негізінен көп балалы, әлеуметтік мұқтаждық көріп отырған отбасылардан шыққандар, бастауыш сыныптар оқушылары барынша құрайды.

Мереке соңында бал бүлдіршіндер балмұздақтың, тәтті тағамдардың, пайдалы шырын-сусынның керемет дәмін татты.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1461 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: