09:29
Арнау

 Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне

 

АЛТЫН БАЛАЛЫҚ

 

Балалық шекер, балдай тәтті-тәтті,

Қимыл, ойын, қылығымен сондай сәтті.

Лақ-қозыдай момақан,

Дамыл білмес қошақан,

Соқшы қуана алақан,

Құтты болсын, бал балалар, мерекең!

 

Бала деген үйлесімді ашық буын,

Биік ұстар мәз дәуреннің алтын туын.

Күннен-күнге бой қосатын,

Боймен бірге ой қосатын,

Мақтағанды шексіз тосатын,

Құтты болсын, бал балалар, мерекең!

 

Бала деген төрт әріпті айналайын,

Бүгін осы «Бала!» деп бір толғанайын.

Көздерінде мөлдір бар,

Сөздерінде былдыр бар,

Өздерінде сылдыр бар,

Құтты болсын, бал балалар, мерекең!

 

Барлығымен баурап алар балдырған,

Бұл жалғанда небір қызық қалдырған.

Ақылымен есейген,

Дарынымен көркейген,

Өнерімен өркендеген,

Құтты болсын, бал балалар, мерекең!

 

Базар болған, айдай толған алтындар,

Адамдықтың асыл нәрін татыңдар.

Шат-шадыман күліңдер,

Талап іздеп жүріңдер,

Ұлағатқа құлақ түріңдер,

Бал балалар, көңілді ғұмыр сүріңдер!

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Просмотров: 1237 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: