11:03
Мектептегі спорт

Дәстүрлі спартакиада

ЖҮЛДЕЛЕРДЕН ҚҰР АЛАҚАН ҚАЛМАДЫҚ

Білім қызметкерлері арасында жылдағы дәстүр бойынша жуырда өткізілген спартакиадаға қатысқан Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Айталық, тоғызқұмалақтан тұнғыш рет жарыс жолына түскен жас мұғалім Оспанов А.Е. айды аспанға бір-ақ шығарып, мүйізі қарағайдай қарсыластарынан еш қысылмай, бірінші орынды жекелей сында қанжығасына байлады да кетті. Ал жалпыкомандалық есепте бесқарағайлық тоғызқұмалақшылар үшінші орынды иеленді. Үстел теннисінен болған бәсекеде мектеп басшысы Шәкіров Е.А. үшінші орынды қанағат тұтты. Шахмат додасында осынау жарыстарға бұрыннан қатысып жүрген мұғалім Бекк В.А. жүлделі үштікті қорытындылады. Волейболдан қатысқан ерлер һәм әйелдер командалары да тегеурінді ойын көрсетіп, жалпыкомандалық қорға ұпай қосты. Бір сөзбен түйгенде, бесқарағайлық білім қызметкерлер жүлделерден құр алақан қалмады.

Просмотров: 1108 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: