12:20
БАРЫС, 09(152)-8

Денсаулық фестивалі

СПОРТТЫ ТУ ЕТІП

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде дүниежүзілік спорт күніне арналған кешенді шаралар Денсаулық фестивалі түрінде жүзеге асырылды.

Бастапқы бетте спорттық киімді оқушылар һәм мұғалімдер мектеп алдында жиналып, Денсаулық күнінің ашылуын жар еткен сапжиынға тұрды. Онда сөз сөйлеген мектеп басшысы Шәкіров Е.А. оқушыларға да, мұғалімдерге де жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, басталғалы тұрған спорттық шараларда жеңіс пенен сәттілік тіледі.

Артынша барлық спортшылар бір шақырымдық кроссқа қатысып, таза ауада бір жүгіріп алды. Одан соң мектеп алдында рет-ретімен тұра салып, әрі көңілді, әрі пайдалы таңғы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі Түсіпов С.Д. жетекшілігімен орындады.

Денсаулық фестивалі өз жалғасын мектеп ішінде де, таза ауада да тапты. Мини-футболдан болған матч мектеп алдындағы футбол алаңшығында болса, бастауыш сынып оқушыларының көңілді жарыстары, волейбол мектеп спортзалында өткізілді, ал үстел теннисінен болған жарыстар мектеп жертөлесіндегі жаттығу залында ұйымдастырылды, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы жарыстары арнайы дәрісханада жүзеге асырылды. Бір сөзбен түйгенде, салауатты өмір салты барынша насихатталып, спорттың мерейі асқақтады.
Просмотров: 1063 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: