12:16
ҰБТ-2009

ҰБТ – 2009

ЖАДЫДА ЖҮРСІН ЖАТТАЛЫП

Жалпы орта білім беру ісімен айналысып жүрген әрбір мектеп үшін оқу жылының көрсеткіштерін еселейтін бірегей сын болып ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) табылады. Сырттай бағалаудың бірден-бір өлшемі де. Бұған деген әзірлік оқу жылының басынан жүргізіліп келе жатыр, ал сәуір туысымен дайындық жұмыстары өз ертоқымына мықтап қонды. Себебі осы кезде ҰБТ тапсыратындар саны нақтыланады, кешенді дайындық қарқыны еселенеді. Бұл жолда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орын тепкен ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің (ҰБТӨП) атқарып жатқан жұмысы көз қуантарлық. Тәжірибелі маман Жүсіпова Нағима Мәжитқызы бас-көз болып отырған ҰБТӨП мектептердегі техникалық хатшылармен жиналыс өткізіп, сәт сайын тиісіті нұсқаулықтар беруден аянып қалмауда.

ҰБТ тапсыратын мектеп түлектеріне бағытталған жадынама мыналарды ұсынады:

þ      Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеу керек;

þ      Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

þ      Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз (орныңыздан айқайлап сұрамаңыз). Сұрақтарыңыз тапсырма мазмұнына байланысты болмауы керек, сіздің емтихан материалдарымен жұмысқа байланысты сұрақтарыңызға ғана жауап беріледі;

þ      Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

þ      Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

þ      Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек!  Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

þ      Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеріп шығу үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.     

x               Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытында өзімен бірге келесі құжаттарды алып  келу керек:

þ     ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;

þ     жеке басын куәландыратын құжат;

þ     қара сиялы қалам;

x      ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:

þ     сөйлесуге;

þ     орнынан тұруға;

þ     орын ауыстыруға;

þ     кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;

þ     ұялы байланыс телефондарын немесе басқа да ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар және жеке қалта компьютерлерін, т.б.)[1] қолдануға.

þ     анықтамалық материалдарды қолдануға;

þ     ҰБТӨП-те жүруге.

x      Тестілеу кезінде жол бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді. 

Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда мемлекеттік комиссия шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

Ал ата-аналар үшін жадынаманың айтары мынау:

x      Ата-аналар тәуелсіз бақылаушылар ретінде балалары тест тапсырмайтын ата-аналар қатарынан өкілдер жіберуге құқылары бар.

Асылында, ҰБТ тапсырушының тағдыры мектеп бітірушінің өз қолында һәм өз бабы менен бағында. Сәт серік болсын!

әзірлеген

ИБРАҺИМ-ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің техникалық хатшысы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы



[1] Аудиториямен қоса, барлық ҰБТӨП-терде тестілеу уақыты кезінде көрсетілген материалдарды және құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

Просмотров: 6241 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: