Кітап үзіндісі
23/04/2024, 22:47

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Махаббаттың алдында жазда алыстан көзге шалынған таудай мұнартып, әрқашан екі мақсат тұратыны аян. Оның бірі табиғи тілек те, екіншісі сана мұраты болмақ. Табиғи тілек дегеніміз ұрық, ұрпақ қалдыру жөніндегі соқыр сезімнің жетегі екені түсінікті. Ол қыз бен жігіттің бір-біріне қызығып, құмартуы түрінде білінеді, нәпсіге тіреледі. Ал, сана мұраты жігіттің қыздан немесе қыздың жігіттерден өзімен ойы тең, ақылы сай, бір-бірінің қуаныш-реніштеріне өмір бойы ортақ болысып, мұң шағып, сыр шертіп, шер айтысатын, жанымен жаны үндес адам іздеуі, бірін-бірі шексіз сүйетін жан тауып, соған қосылып, қосылған соң бірін-бірі өле-өлгенше қадірлеп, құрметтеп өтуге ұмтылуы. «Кімнің жаны махаббаттан тән ләззәтімен қоса рухани ләззәт алуға ұмтылса, тек соны ғана адам деп бағалаймыз» дейтін Бальзак.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

 

Алла Тағала «Пендеме көтерсін деп жүк артамын, көтерсе көңілін ағартамын, көтермесе тағы артамын» дейді екен. Халқымыз «Қайғыны нар көтерер, ақылы бар көтерер» депті тағы да. Басқа түскен ауыртпалықты сынбай көтере білу де парасаттылық, сабырлылық, Жаратқанға неге бұлай еттің дей алмайсың...

Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»

 

– Жаны мұңға жақын адам өмірден мән табу үшін не істеуі керек? – деп сұрадым.

– Он екі мүшесі сау адамдардың өмірді сүймеуге еш қақысы жоқ! – деді ол қабағын түйіп.

– Көктем болса да – көктемнің иісін сезбейтін, жаз болса да – жадырамайтын, қыс болса да – қардың ақтығын көрмейтін, күз болса да – күздің сұлулығын жүрек көзінен өткізе алмайтын қаншама жүрегі соқыр адам бар.  Олардың тәні – cау, бірақ жаны – мүгедек, – дедім жылағым келіп.

Аягүл Мантай «Соқыр сана»

 

Еркек махаббатқа беріледі, әйел махаббатта беріледі.

Санжар Керімбай «Логотерапия немесе Өмірге құштарлық»

 

Өмір – дәптер, адам – қарындаш. Сол дәптер шимай-шатпаққа емес, мағына мен мәнге, талап пен нәрге толса ғана Адаммын деп сезінесің өзіңді. Сонда ғана өмірдегі ізің, адамдық тұлғаң жарқырай көріне түспек.

Әкім Ысқақ «Жүректегі жазулар»

 

– Нe oйлап oтырсың? – дeп сұрады Вoлкoв.

– Бұ дүниeдeгінің бәріндe, – дeді Лилиан баяу сөйлeп, – өзінің қарама-қарсылығы бoлатынын oйлап oтырмын; көлeңкeсіз – сәулe, өтіріксіз – шындық, нақтылықсыз қиял бoлмайтыны сияқты, eшнәрсe өзінің қарама-қарсылығынсыз бoлмайды, oсы ұғымдардың бәрі бір-бірімeн байланысты ғана eмeс, бір-бірінeн ажырағысыз да... – Өмір мeн өлім сияқты ғoй?

Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір немесе Тәңірі алдында теңбіз»

 

Тегі жігіттерде ақыл жоқ осы. Өйткені олардың бәрі өз шамасына қарамай, жақсы қызға қарай жүгіреді. Жақсы қыз жете ме, қарағым-ау, бәріңе бірдей. Сөйтіп, көп жігіттер біз сияқты өзіне лайықтыдан құр қалып, артынан өкінеді.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

 

Ғұмырыңның, қамшының сабындай келте уақытыңның бос өтіп жатқанын білуден, сезінуден, өткінші өмірдің сұрқайылығының мәнін білуден ауыр не бар дейсің?

Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: