Кітап үзіндісі
18/03/2024, 10:04

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

«Қазаны басқаның қазасы басқа» дегенді баяғының университет, магистратурада оқымаған дана шалдары бекер айтпаса керек…

Заря Жұманова «Жұмадағы жұмбақ өлім»

 

– Даналық пен білім – Алланың адамға берген байлығы. Оның құдіреті мен дарғайына шек келтіріп болмайды. Ал уақытқа бәріміз де тәуелдіміз. Құзырына мойын ұсынып, алдына тізе бүкпеген ешкім жоқ. Хан да, қара да дәм-тұзы таусылған күні, Жер-Ана құшағына мәңгіге енеді. Әлгінде сен Саятты айттың. Өлім – күшті, бірақ өлімнен де ұят күшті. Өмірден өз орнын таба алмаған адамның неге өлуге хұқы жоқ? Ғасырдан да ұзақ күндер мен жылдар болады. Ондай күндерді кім жиырма төрт сағатпен шектеп, пәлен дей алады?

Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»

 

Құлыным, саған айтар ақылым, кешірімді бола біл.

Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»

 

Жас балаға дүниедегі ләззатты нәрселердің бәрін дайындап жасап қойған дастарханнан пайда жоқ. Ең пайдалы нәрсе – ананың сүті.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: