Халық емі
25/03/2024, 21:48

ДЕНЕДЕГІ УЫТТЫ ҚАЛАЙ ТАЗАРТУҒА БОЛАДЫ?

Усарымсақ (чеснок) ішкі ағзалар мен тыныс жолындағы бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады. Қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісікке (рак) қарсы тұрады. Бір түйір усарымсақта 400-ден астам пайдалы зат бар. Ол денедегі майды азайтып, тамырларды тазартады. Мидың қатерлі ісігіне себеп болатын жасушаларды жойып, туберкулоз бактериясын, құрттарды өлтіреді.

Төменде усарымсақ сусынын дайындау туралы айтамыз.

Әйнек құмыраға 12 түйір усарымсақ салып, оның үстіне 2 литр сапалы қызыл арақ құйып, аузын мықтап жабамыз да, күн түсетін жерге екі апта қоямыз. Күн сайын 4-5 рет шайқаймыз. Содан соң суын сүзіп алып, салқын жерде сақтаймыз. Әр күні 1 шай қасықтан 3 рет ішіп, бір ай бойы жалғастырасақ, бұл денедегі тұзды айдап, қанды тазартып, ағзаны сергітіп, жүрек қызметін күшейтіп, зат алмасуды жақсартады.

 

ЙОД «СЕТКАСЫ»: ПАЙДАСЫ мен ӘСЕРІ

Кез келген үйдегі дәрі қобдишасында йод болатыны анық. Бірақ көп адам оны жарақат алған жағдайда ғана қолданады. Ал йод тамшыларының бұдан басқа да көмегі көп, қолдану аясы кең.

️Тыныс алу жолдарының аурулары: Йод ерітіндісін қолдану суықтап ауырудың жиі қайталана беруінен құтқара алады. Оның бастапқы белгілері кезінде мазасыздануды едәуір жеңілдетеді және қалпына келтіруді, сауығуды тездетеді. Ол үшін мұрын бітіп, су аға бастаған алғашқы сәттерде мұрын айналасына жұқалау етіп йод жағып қойыңыз.

️Құрғақ жөтел: Одан тезірек құтылу үшін йод торын тамақ тұсы мен  кеуденің жоғары тұсына жасайды. Мұны абайлап, жұқалап етіп жағу керек. Күн сайын табан мен өкшеге жұқалап жағып қойса да болады, әсері жақсы.

️Варикоз: Тамырлардың варикозды кеңеюі кезінде йод торын түнде аяқтың проблемалы аймақтарына қолдануға болады. Процедураны аптасына 2 реттен ғана жасаңыз. Оны жұқалап жағу керек. Емдеу курсы 60 күнді алады. Бұл жағдайда йодтың терапиялық әсері ісінудің азаюымен және аяқтың сыртқы көрінісін едәуір  жақсартумен белгілі болады. Аяқтың шаршауы мен ауырсынуы да төмендеуі байқалады.

️Көгеру және жарақат: Йод торы гематомалардан тезірек арылуға көмектеседі. Алайда оны көгерудің салдарынан пайда болған көгеруге бірден қолдануға болмайды. Өйткені мұндай зақым ісінумен бірге жүреді, ал йод ісінудің тез басылуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан зардап шеккен аймаққа алдымен суық компресс жасау керек. Ал йодпен емдеу бір күннен кейін басталады. Егер инъекция орнында көгеру пайда болса, йод торын сол заматта қолдануға болады.

️Буын мен арқадағы ауырсыну: Көптеген адамдарда жасы ұлғая келе және үнемі отырықшы жұмыс салдарынан желке құрысып, арқа бұлшық еттері тартылып ауыра бастайды. Йод торы бұл мәселені шешуге көмектеседі. Аптасына 3 рет омыртқаның бойымен, мойыннан бел тұсына дейін тік сызықтар жасаңыз. Йод торы тым қалың болып кетпесін.

Әр кеш сайын ұйқы алдында ауыратын буындарға жұқалап йод торын жасауға болады. Ол қабынған буындардағы ауырсынуды басады, буын ауруының асқынуын тежейді.

#Ескеретін жайт:  Йод торын таза, құрғақ теріге мақта тампонымен, жеңіл қозғалыстармен, жұқалап жағу керек. Сызықтар арақашықтығы кемінде 1 сантиметр болғаны дұрыс, тым жақын болып кетпесін.

Йод ерітіндісі ашық жаралар мен жарылған жерлерге, шырышты қабықтарға түспегені дұрыс, сондықтан сақ болған жөн.

Торды жүрек пен қалқанша безі маңына, үстіне жағуға болмайды.

Егер дене қызуы көтерілсе, йод процедураларын жүргізу ұсынылмайды.

Бұл әдісті 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Өйткені йод олардың терісін күйдіріп жіберуі, нәзік тамырларына зиян келтіруі мүмкін.

Ал ересек балаларға қолданбас бұрын йодқа төзімділік сынағын өткізуі керек. Ол үшін білектің ішкі жағына аз ғана йод жағып көріңіз. Егер 20-30 минут ішінде жағымсыз реакциялар болмаса (қызару, қызу, ашыту, бөртпе және т. б.), онда қорықпай йодпен «сурет сала» беріңіз. Ем болсын!   

 

БҮЙРЕКТІ ТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕМДЕҢІЗ

Бір стакан тарыны жылы сумен жуып, 3 литрлік банкаға құйыңыз. Оған қайнап тұрған су құяды. Сыртынан жылы орап қойыңыз. Келесі күннен бастап қозғап, сұйықтықты кез келген мөлшерде және қалаған кезде су орнына ішіп жүріңіз. Сұйықтық таусылғанда, тарығп қайтадан қайнаған су құйып, дәл солай тұндырыңыз. Жұмсарған тарыны күніне 1 ас қасықтан жеуге де болады.

Дәмі өзгергенше ішуге болады. Таусылған соң тары суын жаңадан әзірлеп қойыңыз.

️Тары бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі: бүйректі тазартады, құмды, тастарды кетіреді, әйелдер ауруларына көмектеседі және циститті емдейді. Қуықтағы тастарды емдеуге көмектеседі – бір-екі аптадан кейін  кейін тас құм болып еріп, несеппен бірге шығады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: