Халық емі
11/03/2024, 09:50

АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАСИЕТТЕРІ

Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен.

Жүрек ырғағының бұзылуы: 2 ас қасық анар қабығына 250 мл. қайнаған су құйып, 30 минут тұндырыңыз. Содан кейін 1 ас қасық бал қосады. Оны күні бойы, қалауыңызша іше беруіңізге болады.

Тері түлеуі немесе жарылуы: ұнтақталған құрғақ қабығын зақымдалған жеріңізге себіңіз.

Бүйрек қабынуы: 2 ас қасық кептірілген қабығын ұнтақтап, үстінен 250 мл. қайнаған су құйыңыз. Оны су моншасында 30 минут қайнатады. Сүзіп алып, азырақ қайнаған су (жалпы 250 мл. болғанша) қосыңыз. Мұны күніне 4 рет, тамақ алдында 50 мл-нан қабылдаңыз.

Созылмалы жөтел: анар қабығын  шай секілді қызғылт түске боялғанша демдеңіз. Бал қосып, аз-аздап ішіңіз. Мұны жарты стаканнан, күніне 2 рет ішеді.

Күйік: Алдымен күйік орнына анар шырынын (сөлін) жағыңыз, содан кейін үстінен ұнтақталған құрғақ қабығын себіңіз. Көп ұзамай ауырсынуы басылады, жазылуы да тез болмақ.

Ем болсын!

 

АСҚАЗАН АУЫРҒАНДА КӨМЕГІ КӨП

▪️ 1. Шырғанақ (облепиха) майымен асқазан жарасын емдеудің өте нәтижелі әрі кең таралған түрі. Шырғанақ майын тамақтан бір сағат бұрын үш апта бойы ішесіз.

▪️ 2. Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы.

▪️ 3. Картоп шырыны да жақсы нәтижелер береді. Бұл шырынды дайындау үшін таза әрі ескірмеген картоп керек. Қызыл сортының болғаны тіптен жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стақаннан ішіп тұру керек.

▪️ 4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады (бір стақан айранға бір ас қасық май).

▪️ 5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ағын ішіп жүріңіз.

▪️ 6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұңбасы әжептеуір әсер етеді.

▪️ 7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүлдерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді.

Бұл ем-домдарды пайдаланбас бұрын дәрігерге қаралып, толық тексеруден өту керек.  

 

МЫҢ СЫРҚАТҚА ШИПАСЫ БАР ЛИМОН

Пайдасы мен зияны қатар жүретін дәрілерден гөрі қолда бар табиғи емнің тиімділігі жөнінде қазір көп айтылады. Әсіресе лимонның емдік ерекшеліктері мың да бір сырқатқа шипа екенін алдыңғы мақаламызда жазған болатынбыз. Алтын түстес жұдырықтай ғана цитрусты бұл өсімдік, біріншіден, кез-келген адамға қолжетімді, екіншіден, одан үй жағдайында да түрлі ауруларға қарсы емдік тұнбалар мен қайнатпа жасауға болады. Арзан, оңай, әрі зиянсыз, табиғи бұл емді Сіз де жасай аласыз.

 ♦️Жоғары қан қысымы

Қазір қан қысымы жастарды да жиі мазалайтын болған. Көп адам мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдап, дәрігерге бара бермейді. Ал жоғары қан қысымы өте қауіпті екені белгілі. Кейде ойламаған жерден көтерілген қан қысымы кезінде не істеуге болады?

Лимонды пайдаланып көріңіз керек. Ол көп уақытты алмайды және көп шығындалмайсыз. Ал сізге бар-жоғы 2 ірі лимон, 1 литр лимон шырыны, 1/2 литр минералды су керек.

Дайындау тәсілі:

Қабығынан тазартылған лимондарды еттартқыштан өткізіп, алынған сұйықтыққа лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, үстінен минералды суды құйыңыз. Бұл қоспаны 1 стаканнан күніне 3 реттен 10 күн бойы ішіп отырыңыз.

♦️ Ұйқысыздық

Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан жандар көбіне ұйықтай алмай, басы ауырып, ашушаңдық пайда болып, тез шаршап қалатындықтары байқалады. Дәрігерге көрініп, жүйелі түрде емделмесе бұл аурудан айығу оңай емес, дегенмен көңіл-күйіңізді әп-сәтте жайландырып, жүйкеңізді тыныштандыруға лимоннан жасалған мына дәрінің септігі тиері сөзсіз. Ол үшін 1 стакан лимон шырыны, 2 ас қасық бал және грек жаңғағы қажет.

Дайындау тәсілі:

Бал мен лимон шырынын жақсылап араластырып, оған ұнтақталған жаңғақты қосыңыз. Бұл қоспаның 1 ас қасығын күн сайын¬ ұйқыға жатардан алдын ішсеңіз, ұйқыңыз қалпына келеді.

 ♦️Асқазан ауруы (гастрит) ♦️

Қазір асқазаны ауырмайтын адам аз. Оны емдеу үшін диета сақтау қажет. Лимонмен емдеу де диетаны дұрыс ұстағанда ғана жақсы әсер береді.

Ол үшін 1 лимон, 1 литр түймедағының (календула) тұндырылған қайнатпасы, 3 ас қасық бал қажет.

Дайындау тәсілі:

Лимон шырынын сығып, оған бал мен түймедағының тұнбасын құйып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күн сайын ас ішерден 30 минут бұрын 2-3 ас қасықтан 3 мезгіл ішесіз.

Міне, ынта болса лимоннан қажетті дәріні оп-оңай жасап алуға болады керек. Мұндай емнің жанама әсері жоқ, қайта лимон тыныс органдарының ауруларына, ауа арқылы таралатын вирустық инфекцияларға, жұқпалы сырқаттарда, тері ауруларына, жүрек-қан тамыры және жүйке жүйесі ауруларына, эндокриндік және асқазан-ішек ауруларына, зат алмасу процесі бұзылыстарында таптырмас ем бола алады.

Лимонның емдік қасиеті туралы ойыңыз, пікіріңіз болса, шипасын көрсеңіз көпшілікпен бөсілуіңізге болады. Жақсы әдісті көпшілікпен бөлісіп, жұрттың алғысын алғанға не жетсін!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: