Абайдың хакімдігі
15/04/2024, 22:48

«БИЛІК пен БАЙЛЫҚ»

(Қырық бірінші қарасөз)

Абайдың айтуынша, қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек. Онсыз осы дүниеде сенің ұсақ күйкі тірлігінде асқан қызық бар ма деп не айтып, не зорлап көндіре алмайсың. Күштеп, зорлап балаларын медресеге беріп, ғылым жолына түсіру үшін осы істерді атқармақ адамның қолында бек зор өкімет билігі болуы шарт. Бұл бір. Екіншіден, ол кісі не есепсіз бай болуы керек. Себебі ата-аналарына пара беріп, балаларын тағылым (үйрету) жолына салу керек. Бірақ бүкіл қазақты паралап алу қай кісінің қолынан келмек? Міне, тұйыққа тірелу. Осы тұйықтан қалайша шығуға болады, оның жолын таппаған Абай: «Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген», - деп налиды. Бұл – амалы таусылған адамның сөзі, тегінде, Абай айтқан билік пен байлық – ұлттық мүддеге құрылған мемлекеттің қызметі, ондай мемлекет жоқ, басы бодандыққа түскен, саяси еркіндігінен, өзін-өзі басқарудан аластатылған қазақтың надандықтан шыға алмауы да түсінікті. Осыны жанымен ұға келе Абай. «Енді не қылдық, не болдық?..» - деп толғанады. Мұндай әлеуметтік қайшылықтың шешімі саяси күресте, халық өз бостандығы үшін күресуі қажет, бірақ ақын ондай мәселелерді көтермеген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: