ҰБТ-2009, нұсқаулық-19
16/05/2009, 15:56

42. Техникалық себептерге байланысты өтініштер қабылдау

 

200. Бітіруші техникалық себептерге байланысты апелляцияға өтінішті, тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін береді                  (Е-30 нысан).

200-1. Техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық жұмысшылар қабылдайды.

201. Техникалық себептерге байланысты берілген өтініштерді ДБ-ға Министрлік программисі емтихан ведомосын бергеннен кейін енгізеді.

 

 

43. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық

 

202. Апелляциялық комиссия үшін Министрлік программисі бітірушілердің жауаптарын талдау картасы (Е-21- нысан) мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін (Е-20-нысан) береді.

203. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның  түпнұсқасындағы ақпараттың сәйкестігін бақылау үшін бітірушінің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.

204. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына акт бойынша:

1) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);

2) дұрыс жауаптар кодын;

3) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің сұрақ кітапшаларын;

4) бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

5) бітірушілердің апелляцияға берген өтініштерін (Е-29, Е-30 нысан);

1)  апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін;

2)  апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосын береді.

 

44. Апелляциялық комиссияның отырысы

 

205. Бітірушілердің өтініштерін апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-тен бастап  қарайды.

         206. Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

207. Жауаптарды талдау картасы, бітірушінің бес пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдауы бойынша пәні нәтижелері көрсетілген бес кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:

1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Бітіруші апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;

2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;

3) үшінші жол бітірушінің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;

4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.

 

 

45. Апелляция бойынша шешім қабылдау

 

208. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмаларды қарап, шешім қабылдауға қатаң тыйым салынады. Апелляция комиссиясының апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгертуге құқығы жоқ. Бұл мәселелер бойынша шешімді мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сканерлеу кезеңінде қабылдайды (жауап парақтарының сәйкестендіру хаттамасын қараңыз).

 

 

46. Тест тапсырмасының мазмұны бойынша шешім қабылдау

 

209. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

1)     тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;

2)     дұрыс жауабы жоқ;

3)     бірнеше дұрыс жауабы бар.

210. Бұл жағдайда балл қосу мына түрде жүргізіледі: апелляциялық комиссия берілген нысан бойынша төмендегі кестені апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссияға телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді. Содан кейін апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан ҰБТ ӨП-ке апелляциялық комиссияға жібереді.

Бітірушінің аты-жөні

ТЖК

Нұсқа

Пән

Тапсырма №

Дәлел

демесі

Бітірушінің жауап парағындағы жауабы

Апелл. комиссия шешімі

Республикалық комиссия шешімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

211. Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 910 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: