ҰБТ-2009, нұсқаулық-18
16/05/2009, 15:55

37. Лектің жабылуы

 

184. Ағымдағы лекті осы лек бойынша апелляция жабылғаннан кейін ғана жабуға болады. Алдыңғы лектен бұрынғы лек жабылмай, кезектегі лек ашылмайды. Бір уақытта тек екі ғана лек ашылуы мүмкін (1 және 2, 2 және 3, 3 және 4).  

 

 

38.  Келесі лекке арналған отырғызу тізімін беру

 

185. Барлық аудиториялар бойынша отырғызу тізімі емтиханнан бір  күні бұрын кешке беріледі.

186. Министрлік программисі ҰТО-дан телефон арқылы парольді алады.

187. Отырғызу тізімі отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ  анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады.

 

 

39. Апелляция өткізу

 

188. Апелляцияға түскен өтініштерді қарастыру мақсатында әрбір                       ҰБТ ӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.

189. Апелляциялық комиссияның құрамы - тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляцияға өтініш қабылдауды жүзеге асыратын техникалық хатшылардын құрылады.

190. Апелляциялық комиссияның төрағасы Білім және ғылым министрімен, ал құрамы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларымен бекітіледі.

191. Апелляциялық комиссия бітірушілерден өтініш қабылдайды және қарастырады, бітірушіге тест тапсырмасының мазмұны бойынша балл қосу туралы Республикалық комиссияға ұсыныс жасайды және бітірушіні апелляцияның қорытындысы жөнінде хабардар етеді.

192. Апелляциялық комиссия өз жұмысында Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

193. Апелляциялық комиссияның жұмысы үшін  столдармен, оқу тақтасымен, бормен, т.б. жабдықталған жеке бөлме бөлінеді.

194. Апелляциялық комиссияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

1)           апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша берілген өтініштерді қабылдау;

2)           тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

3)           апелляцияға техникалық себептерге байланысты берілген өтініштер қабылдау;

4)           техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

5)           апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;

6)           апелляциялық комиссияның отырысы;

7)           апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;

8)           апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;

9)           апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.

195. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:

1) апелляция өтініштерін тіркеу парағы (Е-19, Е-31 нысан);

          2) апелляцияға берілген өтініштер тізілімі (Е-20 нысан);

1)                бітірушінің жауаптарын талдау картасы (Е-21 нысан), жауап парағы және сұрақ кітапшасы;

2)                апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы (Е-18-нысан);

3)  дұрыс жауаптар коды.

 

 

40. Апелляцияға өтініштер қабылдау

195-1. Апелляциялық комиссиясы төрағасы апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастырады.

196. Бітіруші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді және өтініш бір күнтізбелік күнде апелляциялық комиссиямен қарастырылады.

197. Бітірушінің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі (Е-19, Е-31 нысандары).

 

41. Тест тапсырмалараның мазмұны бойынша өтініштерді қабылдау

 

198. Бітірушіден тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініш өтініштер тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады (Е-30 нысан).

198-1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштерді пән мұғалімдері қабылдайды.

199. Тест тапсырмаларының мазмұнына байланысты берілген өтініштерді ДБ-ға Министрлік программисі емтихан ведомосын бергеннен кейін енгізеді.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 886 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: