ҰБТ-2009, нұсқаулық-13
10/05/2009, 13:54

32. Жауап парағын толтыру тәртібі

 

135. 1-секторда бітірушінің тегі, аты және әкесінің аты жазылады.

 

 

136. 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің  рұқсаттамасында көрсетілген ТЖК жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады. Мысалы:

 

 

137. 3 және 4-секторларда емтихан кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ кітапшасының нұсқасы боялады.

 

138. 5-секторда  бітіруші емтихан тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады. Мысалы:

139. 6-секторда қазақ тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

140. 7-секторда орыс тілі пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

141. 8-секторда  Қазақстан тарихы пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

142.  9-секторда математика пәні тапсырмаларының жауаптары боялады.

143. 10-секторда  таңдалған мамандыққа байланысты «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға  қабылдаудың үлгі ережесінің» 3-қосымшасына сәйкес, тестілеу кезінде бітіруші таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.

 Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауапты сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Әр пән бойынша жауаптарын енгізетін секторларды бояу үлгісі:

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1049 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: