ҰБТ-2009, нұсқаулық-12
10/05/2009, 13:51

30. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу

 

129. Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш бітірушінің және бар болса ата-аналардан құрылған тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен ашылады.

Қорапта емтихан материалдарын ашу актісі (№6 акт), жауап парақтарымен конверт, жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ кітапшалары болуы қажет.

130. Шақырылған бітірушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді, қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіріп және оған қолтаңбаларын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, кезекші Министрлік өкіліне ескертеді және аталған жағдайда емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, кезекші Министрлік өкілін ескертеді және акт жасайды.

Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкіл мен мемлекеттік комиссия қабылдайды.

 

 

31. Емтихан материалдарын тарату және толтыру ережелерін түсіндіру

 

131. Кезекші емтихан материалдарын таратқанға дейін бітірушілерге төмендегілерге тыйым салынатындығын ескертеді:

1) бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға;

2) рұқсатсыз емтихан материалдарын ашуға;

3) басқа бітірушілермен емтихан материалдарын алмастыруға;

4) анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесінен басқа), барлық мүмкін болатын электрондық аппараттарды  (электрондық қойын кітапшасын, калькулятор, ұялы телефон, пейджер т.б.) және корректор сұйықтығын қолдануға;

5) сөйлесуге, басқа бітірушілерден көшіруге, шпаргалка т.б. қолдануға;

6) тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға (қалған уақытта бір мезгілде екі бітірушіден аспауы қажет және тек дәліз кезекшісімен бірге тысқа шығуға рұқсат етіледі).

132. алынып тасталсын.

133. Бітіруші отырғызу тізімінде көрсетілген орынға отырғандығын растап қолтаңбасын қояды.

134. Бірінші кезекте тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі ғана таратылады. Кезекші бітірушілерге үлестіріп болғаннан кейін, оларды толтыру принципін түсіндіреді.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1317 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: