ҰБТ-2009, нұсқаулық-11
10/05/2009, 13:49

27. Тестілеуді өткізу

 

116. ҰБТӨП жетекшісінің іс-әрекеті:

1)           аудиториялардың тестілеуге дайындығын (әрбір аудиторияда тақта мен бор болуы қажет және аудиториялар жуылып тазартылуы қажет);

2)           барлық кезекшілердің қатысуын қадағалайды;

3)           бітірушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалайды және бақылайды;

4)           бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастырады;

5)           дұрыс жауаптар кодын және ҰБТ нәтижесі бойынша емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастырады;

6)           апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

6-1) апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ емтихан ведомосын ілуді ұйымдастырады. 

7)           толтырылған сертификаттарды тізілім бойынша тексереді;

8)           сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін мектеп өкілдеріне акт бойынша беруді  қамтамасыз етеді;

9)           бітірушілердің қолтаңбалары қойылған   сертификаттарды тарату тізілімін мектептің техникалық хатшысынан акт бойынша қабылдайды.

117. Министрлік өкілінің іс-әрекеті:

1)                ҚР ҰҚК-і өкілінен №8 акты бойынша қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары (№16 ярлык) мен запас емтихан материалдары салынып (№14 ярлык) ҰТО-да пломбыланған арнайы қапшықтарды (№15 ярлык) алады;

2)                кезекшілерді аудиториялар бойынша бөледі;

3)                мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашады. Қаптарды ашар алдында өкіл пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізімімен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҚР ҰҚК-нің өкіліне хабардар етеді және ҰТО-ға  хабарлайды;

4)                аудитория бойынша кезекшілерге:

рұқсаттама түбіртегі, аудитория тізімі салынған өзіне сәйкес бөлінген аудитория папкасын;

          отырғызу тізімін береді;

мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын (№5 акт) береді. Әрбір қорапта жауап парақтарымен конверт, сұрақ кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы акт;

мемлеккеттік комиссияның шешімі бойынша мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөледі және кезекшілер тағайындайды.

118. Министрлік өкіл тестілеу кезінде:

1) емтиханның басталу уақытын бақылайды. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;

2) бітірушілерді дұрыс отырғызу және бітірушілерге сұрақ кітапшаларының дұрыс таратуын бақылайды;

3) жауап парағын толтыру ережелерін түсіндірудің сапасын бақылайды;

4) бітірушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылайды; 

5) емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы бітірушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады. Артық сұрақ кітапшасы жинап алынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген бітірушілер емтиханға жіберілмейді;

6)           емтиханның өту барысын бақылайды;

7)           тестілеу аяқталғаннан кейін аудитория бойынша кезекшілерден емтихан материалдарын қабылдауды ұйымдастырады (№5 акт).

 

119. Бітірушілерді қосымша отырғызу. Бітіруші ерекше жағдайда (мысалы, жарақат алғанда, отбасы жағдайымен және т.б.) емтихан күнін өзгерту туралы өтініш бере алады. Өтініш мемлекеттік комиссия төрағасының атына жазылады. Өтінішке емтихан күнін өзгертуге негіз бола алатын құжат қоса тіркеледі. Өтініш қанағаттандырылған жағдайда өкіл ҰБТ ӨП-тің өтініштер журналында көрсетілген емтихан тапсыру тіліне сәйкес, осы бітірушіні қосымша отырғызатын аудиторияның нөмірін анықтайды. Өкіл бітірушінің рұқсаттамасына тиісті өзгерту енгізіп, ол туралы аудитория кезекшісін хабардар етеді.

120. Қосымша отырғызу үшін бірінші кезекте емтиханға келмеген бітірушінің емтихан материалдарын және артық қалған емтихан материалдарын  пайдаланады.

121.  Аудитория бойынша кезекшінің іс-әрекеті:

1)                тестілеу басталардың алдында кезекші аудиторияларда нөмірлердің болуын, отыратын орындардың дұрыс нөмірленгендігін (Е-02-нысан),  отыратын орындардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі бітірушілер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда кезекші Министрлік өкілін хабардар етеді;

2)                Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт)  алады және оларды аудиторияларға жеткізеді;

3)                бітірушілерді аудиторияға кіргізеді  және оларды отырғызу парағына сәйкес отырғызады;

4)                емтихан материалдары бар қораптарды ашады;

4-1) бітірушілердің аудиторияда тәртіп ережелерін түсіндіреді және тәртіп ережелерінің сақталуын қадағалайды;

5)                емтихан материалдарын таратады және оларды толтыруды түсіндіреді;

6)                тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің емтихан материалдарын қабылдайды және Министрліктің өкіліне (акт бойынша) тапсырады.   

 

 

28. Бітірушілерді аудиторияға кіргізу және отырғызу

 

122. Бітірушілер аудиторияға бір-бірлеп жіберіледі. Кезекші бітірушілердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің сәйкестіктерін тексереді.  Кезекші бітірушілердің сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші қатаң түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады. Бітірушілерді аудиторияға жіберу емтихан басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады.

 

 

29. Бітірушілердің  аудиторияда тәртіп сақтау ережелері

 

         123. Бітіруші міндетті түрде отырғызу тізімінде көрсетілген нөмір бойынша өз орнына отырады. Бітіруші отырғызу тізіміне сәйкес орынға отырғанын растап қол қояды.

124. Тестілеу үзіліссіз үш жарым сағат бойына (210 минут) өтеді. Тестілеу уақытында алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады, ал қалған уақытта аудиториядан тек кезекшісімен бірге шығуға рұқсат етіледі.

          125. Отырған орнынан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарын ауыстыруға, шпаргалка пайдалануға, көшіріп жазуға, пейджер, ұялы телефон пайдалануға болмайды, аталған ережелерді бұзған жағдайда бітіруші емтиханнан шығарылып жіберіледі. Тестілеу уақытында бітірушіден ұялы телефон, пейджер немесе шпаргалка және мүмкін болатын дұрыс жауаптар коды көрсетілген ұялы телефон, пейджер немесе шпаргалка табылған жағдайда, аудитория кезекшісі Министрлік өкілін хабардар етеді. Министрлік өкілі мемлекеттік комиссия төрағасымен, ҚР ҰҚК-нің өкілімен және аудитория кезекшісімен бірігіп, бітірушінің қатысуымен акт жасайды (Е-25 нысан). Бітірушілерді аудиториядан шығару және оның тестілеу нәтижесін жою туралы мемлекеттік комиссияның отырысының хаттамасы бойынша шешім қабылданады (Е-26 нысан). Аудиториядан шығарылған бітірушінің жауап парағы сканерлеуге жіберілмейді.

126. Бітіруші өзін тәртіпті ұстап, кезекшінің айтқанын мұқият тыңдайды.

127. Тестілеудің қорытындысы бітірушінің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан бітіруші жауап парағының бір данадан берілетінін,  қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін анықтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Бітіруші оны аса мұқият толтырып, қате жіберуге, жөндеуге жол бермейді.

128. Бітіруші тестілеуді берілген уақыттан ерте бітірсе, емтихан материалдарын (жауап парағының көшірмесінен басқасын) кезекшіге өткізе алады. Емтихан біткеннен соң бітіруші қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссия көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстыра алады. Жауап парағы көшірмесінің заңды күші жоқ.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1367 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: