ҰБТ-2009, нұсқаулық-10
10/05/2009, 13:47

26. Тестілеуді өткізуге дайындық шаралары

 

113. ҰБТӨП қызметкерлерінің іс-әрекеті:

1)           әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындау. Бітірушілерді аудиторияларға кіргізу үшін аудиториялар бойынша папкалар дайындалады. Папкада: осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болуы қажет.

2)       аудиториялардың тестілеуге дайындығы. Әрбір аудиторияда аудиториялық қорға сәйкес өз нөмірі жазылған көрсеткіштері (01,02,03, …..) болуы керек. Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схемаға сәйкес нөмірленеді. Аудиториядағы отырғызу орындары дұрыс нөмірленбеген жағдайда тестілеу өткізу технологиясы бұзылады;

3)            кезекшілер тізімін дайындап, оны жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен және ҰҚКД-мен келісу.  Кезекшілердің құрамында тест сынағы өткізілетін пәндер бойынша маман мұғалімдер мен оқытушылары болмауы керек. Аудитория бойынша кезекшілікке музыка және дене шынықтыру т.б. саланың мұғалімдерін (оқытушыларды) алуға болады. Әрбір кезекшінің жеке іс парағының көшірмесі болуы қажет;

4)            аудитория бойынша кезекшілермен нұсқама өткізіледі. Нұсқама өткізілгеннен кейін, белгіленген күні кезекшілердің өз міндеттерін қаншалықты білетіндігін тексеріп, қажет болған жағдайда практикалық сабақтар өткізіледі. Өз міндеттерін игермеген немесе зерделемеген кезекшілер кезекшілік тізімнен шығарылады;

5)            бітірушілерді көлікпен тасымалдау кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен және жергілікті ішкі істер басқармасының органдарымен келісу;

6)            бітірушілерді орналастыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен және жергілікті ішкі істер басқармасының органдарымен келісу;

7)            бітірушілерді тамақтандыру кестесін жергілікті білім басқармасы ұйымдарымен және жергілікті ішкі істер басқармасының органдарымен келісу;

8)            тестілеуді өткізу уақытында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша кезекшіліктің кестесін жергілікті ішкі істер басқармасымен келісу;

9)            тестілеуді өткізу уақытында және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік кестесін жергілікті медициналық мекемелерімен келісу;

10)       апелляциялық комиссияның құрамына енетін үміткерлердің тізімін жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен келісу;

11)       ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссия, Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссия жұмыстарына арналған орындарды дайындау.

114.  Министрлік өкілінің іс-әрекеті:

1)                 Министрлік өкілі акты бойынша ҰТО-дан сертификаттарды және мемлекеттік комиссияның төрағасына арналған конвертте мөрленіп жабылған парольді алады;

2)                ҰБТӨП-ке келгеннен кейін  тексеріс жүргізеді:

         Министрлік өкілінің және программистің жұмыс орындарының   дайындығын;

         әрбір лек бойынша ҰБТ ӨП-тің өтініш журналын;

         аудиториялардың емтиханға дайындығын (Е-02-нысаны);

         техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;

         аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын;

         апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;

         бітірушілерді тасымалдау, орналастыру және тестілеу кестесін;

         аудиторияларды тестілеу өткізуге дейін және өткізгеннен кейін тексеріп, акт жасау (Е-27, Е-28 нысан).

3)                емтихан қарсаңында өкіл әрбір аудитория үшін отырғызу тізімін (                        Е-14-нысан) шығарып, сейфке сақтап қоюы қажет;

4)                өкіл кезекшілермен нұсқама өткізеді.  Кезекшілерді алмастырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрынғы тізімде бар және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендігін тексеру қажет.

Ескерту: Емтихан өтетін күндері тест өткізілетін ғимараттардағы тестілеу үшін пайдаланылмайтын барлық аудиториялар, кабинеттер және басқа  да бөлмелер (дәретханадан басқа) жабылуы және мөрленуі керек. Сондай-ақ, бітірушілерді кіргізуге және шығаруға арналған есіктерден басқа сырттан кіретін барлық есіктер жабылады және мөрленеді. Сыртта орналасқан әжетхана аумағы мен оған баратын жолдарда бітірушілерден басқа бөгде адамдардың болмауы қажет. 

115. Министрлік программисінің іс-әрекеті:

1)                сканердің және басқа да жабдықтардың жұмыс істеуін тексереді;

2)                «ҚР БҒМ» АЖО-ны орнату және құру. Бұл АЖО «Бітіруші» АЖО қондырылған компьютерге орналастырады;

3)                «Бітіруші» ДБ-ны қабылдау;

4)                бітірушілердің мәліметтеріне өзгерту енгізу негізінде өзгертулер енгізу;

5)                базаны жабу;

6)                лектің отырғызу парағын басып шығарады (кешке, тестілеу болатын күннен бұрын).  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 990 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: