ҰБТ-2009, нұсқаулық-7
10/05/2009, 13:45

21. Өтініш бланкісін толтыру кезінде жіберілген қателерді түзету

 

95. Өтініш бланкісін толтыру барысында жіберілген қателер өтініш бланкілерін сканерлеу есебінің «Қателер хаттамасы» тарауында (Е-06-нысан) көрсетіледі. Қателер қою боялған рамкада көрсетіледі. « / » (қисық сызық) белгісінен кейін қателер коды (Е-07-нысан) көрсетіледі, егер қателер бірнеше болса, онда үтір арқылы бөлінеді;

96. Өтініш бланкісіндегі қателерді бітіруші түзетеді. Бланкі қарындашпен толтырылғандықтан, қате толтырылған секторларды өшіргішпен өшіруге және түзетуге болады;

97. Бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманың 1-сектордағы мәліметтерде қателіктер мен өзгерістер кездескен жағдайда, өзгертуге тиісті мәліметтер тіркеу жөніндегі анықтаманың 2-секторына енгізіледі және техникалық хатшыға хабардар етіледі. Техникалық хатшы бітірушінің өтініш бланкісіне өзгертулер енгізгенін бақылайды. Өтініш бланкісі қайта сканерлеуге жатқызылады. Бітірушінің өзгертілген тіркеу жөніндегі анықтамасы ҰБТ ӨП жетекшісіне тапсырылады;

98. Қателер түзетілгеннен кейін өтініш бланкісі «Өтініш бланкілері» папкасына салынып, қайтадан сканерлеуге жіберіледі.

 

 

 

22. «Бітірушілер» ДБ-ның жағдайын бақылау

 

     99. Сканерлеуден кейін техникалық хатшыға бітірушілерді тіркеу жөніндегі анықтама (Е-04-1-нысан), анықтамаларды беру тізілімі (Е-05/1-нысан) мен деректер базасы жөніндегі мәлімет (Е-08- нысан),  беріледі;

100.Техникалық хатшы:

1)          өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы жөнінде мәлімет журналының тізімін салыстырады, ол әрбір өтініш бланкісінің жағдайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

2)           оны өтініштерді тіркеу журналының «Сканерлеу нәтижесі» бағанына үш жағдайдың берілуімен белгіленуі керек: «енгізілді», «өзгертілді», «жойылды».

3)          «Өтініш бланкілері» папкасындағы қабылданған өтініш бланкілерінің бар екендігін тексереді (№1 ярлык);

4)          «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасындағы бітіруші базасынан жойылған бланкілер санын тексереді (№ 2 ярлык);

5)          Е-08 нысандағы қалып қойған ТЖК-ны тексереді де, себептерін анықтап, сәйкес түзетулерді енгізеді.

 101. Көрсетілген шаралар мынадай қателерді жібермеуге мүмкіндік береді:

1)өтініш тіркеу журналына енгізілген, бірақ ДБ-ға енгізілмеген және тіркеу туралы анықтама берілмеген;

2)өтініш тіркеу журналында жойылған, бірақ ДБ-да жойылмаған;

3)өтініш ДБ-да жойылған, бірақ өтініштерді тіркеу журналында жойылғаны туралы белгіленбеген;

4)өтініш ДБ-ға енгізілген, бірақ тіркеу журналында жоқ.

102. алынып тасталсын.

 

 

 

23.  Бітірушінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу

 

103. Базаға енгізілген бітірушінің мәліметтеріне өзгерту енгізгенде оның өтініші өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін. Бітірушінің емтихан тапсыру тілі  мен ТЖК секторларына өзгерту енгізілетін болса, онда өтініш бланкісі жойылады да, қайтадан енгізіледі. Келесі деректердегі қателерді түзету жолымен алмастыруға болады: бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылы.

104. Бітірушінің деректерін жою кезінде техникалық хатшы:

1)                өтініштерді тіркеу журналының «Құжаттарды қайтарып алған кездегі бітірушінің қолы» бағанына бітірушінің қолын қойдырады;

2)                бітірушіні тіркеу жөніндегі анықтаманы алып, оған  «жойылды» деп белгілейді де, «Жойылған және бүлінген бланкілер» папкасына салады;    

3)                бітірушінің өтініш бланкісіндегі «жойылды» дөңгелекшесін бояйды және оны қайтадан сканерлеуге береді және сканерлеуден кейін бланкіні «Жойылған және бүлінген бланкілер» (№2 ярлык) папкасына салады; 

4)                өтініштерді тіркеу журналының бос жолына бітірушінің өзгертілген мәліметтеріне сәйкес қайтадан тіркеп, оған жаңа ТЖК береді;

5)                бітірушіге жаңа өтініш бланкісін береді, оны толтырғаннан кейін сканерлеуге ҰБТ ӨП-ке жібереді;

6)                ескі өтініш бланкісін сканерлеуден кейін, бітірушінің мәліметтері ДБ-дан жойылған соң, өтініштерді тіркеу журналының «сканерлеу нәтижесі» бағанына «жойылды» белгісі қойылады; 

7)                жаңа өтініш бланкісі сканерлеуден өткеннен кейін ДБ-ға басқа ТЖК енгізілген соң, бітірушіге тіркеу жөніндегі жаңа анықтама беріледі.

105. Бітірушінің аты-жөні, жынысы, құжаттың түрі мен нөмірі, азаматтығы, ұлты, туған жылы деректерін өзгерту барысында өтініш бланкісіне сәйкес өзгертулер енгізіліп, «өзгертілді» дөңгелекшесін бояйды және оны қайта сканерлеуге береді. 

106. Қайта сканерлеуден кейін  өтініш бланкісін «Өтініш бланкілері» папкасына салады. 

 

 

24. Өтініштерді тіркеу журналын жабу

 

107. Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. ҰБТ ӨП-тің өтініштер журналы (Е-10-нысан)  басып шығарылып, «Бітіруші» ДБ жабылады:

1)           ҰБТ ӨП инженері ДБ туралы ақпаратты, техникалық хатшының журналын (Е-09 нысан) басып шығарып, оны салыстыру үшін техникалық хатшыға береді;

2)           техникалық хатшы тіркеу журналын техникалық хатшының ДБ туралы мәліметтерімен салыстырады. Қате табылған жағдайда, оны түзету жөнінде шаралар қабылдайды;

3)           соңғы өтінішті тіркеуден өткізгеннен кейін, өтініштерді тіркеу журналының келесі бірнеше жолы «Z» белгісімен сызылады және мектеп директоры  мен ҰБТӨП жетекшілері қолтаңбаларын қояды;

4)           ҰБТ ӨП инженері «Бітіруші» ДБ-ны жабу үшін ҰТО-дан пароль алады; 

5)           ҰБТ ӨП инженері  ҰТО-ға «Бітіруші» ДБ қорытынды файлын телекоммуникациялық желі арқылы жібереді;

6)           ДБ жабылған соң, барлық өтініш бланкілері «Өтініш бланкілері жинағы» папкасына синхрондық жолағы жоқ жағынан тігіледі;

7)           тіркеу журналы мен «Өтініш бланкілері жинағы» папкасы ҰБТ ӨП жетекшісіне тапсырылып, ҰТО-ның нұсқауына дейін ҰБТ ӨП-те сақталады.

108. Тестілеуге қатысудың өтініштер журналы мен «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін ДБ-ға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. «Бітіруші»                      ДБ жабылғаннан кейін бітірушінің аты-жөні, туған жылы, жынысы, азаматтығы, ұлтында байқалған қателер бітірушінің мәліметтерін өзгерту журналында (Е-13 нысан)  міндетті түрде толтыруы қажет. Сонымен қатар бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты «ё», «ъ» әріпінен тұрса, ашық жері болса, сызықша арқылы жазылса, секторға сыймаса Е-13 нысанына енгізеді.

109. «ҚР БҒМ» АЖО-ға тиісті өзгертулерді  енгізу үшін өзгертулер журналын Министрлік программисіне береді. 

 

 

 

25. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру

 

110. Рұқсаттамалар мен түбіртектерді ресімдеу бітіруші оқитын мектепте ДБ жабылғаннан кейін жүргізіледі. Рұқсаттаманы ресімдеу үшін бітіруші            (3´4 көлемі) екі фотосурет тапсырады. Бітірушінің фотосуреттері рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға мектеп директоры қол қойып, мөр басады. 

111. Рұқсаттама бітірушіге емтиханға рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Түбіртекке бітіруші қол қояды және техникалық хатшымен оны ҰБТ ӨП жетекшісіне беріледі. Рұқсаттаманы бергенде бітірушіге ҰБТ-ның өтетін орны мен уақыты туралы хабар беріледі.

112. Бітіруші рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қате табылған жағдайда бітіруші өзгеріс енгізуін талап ете алады.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1572 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: